• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Бала денсаулығы — басты назарда

Автор:admin

Ноя 6, 2023
Spread the love
Балалық шақтың ауруларын ықпалдастыра емдеу (ИВБДВ) балалардың денсаулығын қорғауға кешенді тәсіл болып саналады, оның басты мәселесі жалпы баланың денсаулығы болып табылады. БШАЫЕ-дің мақсаты ауру және мүгедектік жағдайларының санын қысқарту және бес жасқа дейінгі балалардың өсуі мен дамуын жақсартуға жәрдемдесу. БШАЫЕ отбасылар мен қауымдастықтар, сондай-ақ медициналық мекемелер жүргізетін профилактикалық және емдік элементтерді қамтиды.
Ордабасы аудандық орталық аурухананың педиатр, ЖТД, аймактық медбикелерге, фельдшерлерге ерте жастағы балалар арасындағы аурушаңдылықты төмендету мақсатында ТО денсаулык сақтау басқарманың БШАЫЕ ( ИВБДВ) бойынша штаттан тыс маманы Нурхан Мадалиқызы Нарымбетова семинар сабақтарын жүргізді. Сабақ барысында ИВБДВ стратегиясы емханалардағы балалар ауруларын нақты анықтауға ықпал етуге, барлық негізгі ауруларды тиісті түрде емдеуді қамтамасыз етуге, балаларға күтім жасайтын адамдарға кеңес беруге жақсартуды және ауыр науқастарды тиісті мамандарға жіберуді тездету туралы талқыланды. Үйде тиісті көмекке жүгінуді ынталандыруды, жақсартылған тамақтану мен аурудың алдын-алуға, сондай-ақ медициналық рецепттердің дұрыс орындалуына ықпал етіп, ұйымдастырылуы керек жайлы айтылды. Сабақ соңында келген маманмен сұрақ-жауап өткізілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика