• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА НЕВРОЛИЗ ОТАСЫ ЖАСАЛДЫ

Автор:admin

Ноя 5, 2023
Spread the love
Түркістан облысы, Сайрам аудандық орталық ауруханасында алғаш рет науқасқа Зудек синдромы, перифериялық нервтің қысылуы кезінде сол жақ білекке «ортаңғы нервтің невролизі» операциясы сәтті жасалды. 1985 жылғы науқас 3 ай бұрын жарақат алды, ауырсыну және ісіну синдромдары тоқтаған жоқ. Травматолог-хирургтар сәтті жүргізген ота арқасында науқаста ортаңғы нервтің невролизі ауырсыну синдромдарын тоқтатты, білектің ісінуі біртіндеп жоғалады.
Зудек синдромы – жарақаттан кейін пайда болатын ауырсыну синдромы. Ұзақ мерзімді вазомоторлы, трофикалық бұзылулармен және остеопорозбен (сүйек тығыздығы мен беріктігінің төмендеуі) жүреді. Невролиз – жүйке діңін қысатын тіндерден босату және оның қызметін қалпына келтіру үшін жасалатын хирургиялық ота.
Сонымен бірге, Түркістан қалалық орталық ауруханасында алғаш рет жақында орнатылған «АНГИОГРАФ» аппаратымен «диабеттік табан» синромына аяқ тамырларының артериографиясы, баллонды ангиопластика оталары сәтті жасалды.
​«Диабеттік табан» синромы – перифериялық қан тамырларында қан айналу және жүйке талшықтарының бұзылысы нәтижесінде пайда болған трофикалық жаралардың инфецирленуі.
​Ұзақ жылдар бойы қант диабетімен сырқаттанып бірнеше асқынулары бар Түркістан облысының 2 тұрғындарына (Түркістан қ, Сарыағаш а.) және Жаңақорған ауданының 1 тұрғынына аяқ қан тамырларына «сол жақ төменгі аяқтың артерияларының селективті артериографиясы мен беткей феморальды артерия және сол жақты тізе асты артериясына баллонды ангиопластика» отасы сәтті өткізілді.
​Уақытылы жасалған бұл ота түрі аяқ ампутациясынан және саусақтардың экзартикуляциясынан сақтайды. Бұған дейін бұл ота түрлері тек Республика орталықтары мен Шымкент қаласында ғана жасалып келген.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика