• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Автор:admin

Ноя 5, 2023
Spread the love
Түркістан облысының денсаулық сақтау басқарма басшысы Асхан Байдуәлиев Түркістан қалалық емханасының жұмыс барысымен танысты.
Емханадағы цифрландырудың жетекші көріністері ретінде Е-gov, «ДАМУ» АЖ-мен интеграцияланған электронды терминал жұмысы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы, пациенттерді қолдау бекетінде мәселелердің «дәл қазір және дәл осы жерде» қағидаты бойынша жұмыс істеу жағдайын, ҚР үздік денсаулық сақтау орталықтарының қатарындағы Түркістан облысы бойынша бірінші медициналық мекеме ретінде атқарылған жұмыстарымен танысып, алдағы уақытқа қойылған жоспарларды талқылады.
Одан кейін 2022 жылы облыс көлемінде алғаш ашылған профилактикалық және психологиялық әлеуметтік көмек көрсету бөлім жұмысымен танысып, әмбебап бағытта қолданылып жүрген жұмыс үлгісінің (қан айналым жүйесінің асқынуын болдырмау, онкологияны ерте сатысында анықтау, үй жағдайында бала өлімін болдырмау) нәтижелерін көріп шықты.
Емхана басшысы Райымбек Тасырбаев атқарылып жатқан медициналық қызметтер және жаңадан алынған заманауи медициналық құрал-жабдықтармен таныстырды.
Содан соң басқарма басшысы балалар және ересектер бейінді мамандар бөліміндегі ЛОР, офтальмология қолданысындағы және диагностика бөліміндегі функционалды диагностика аппараттарының ауруларды анықтаудағы мүмкіншіліктерін көрді.
Барлық емхана жұмысын үздіксіз бақылауда қарап отырған жағдаяттар және аналитикалық орталығы жұмысымен танысып, жалпы емхана бойынша қызмет сапасымен танысып баға берді.
Бұдан бөлек облыстың бас дәрігері емхананың медициналық кызметкерлерімен кездесу өткізді. Ол жерде денсаулық сақтау жүйесінде адами капитал басты құндылық екендігін айтып, сол бағытта жұмыла жұмыс атқару керектігін атап өтті.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика