• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Ордабасы аудандық орталық ауруханасы ұлттық аккредиттеудің І санатын алды

Автор:admin

Ноя 5, 2023
Spread the love
Медициналық ұйымдардың медициналық қызметтер сапасын арттыру және қызметі айқындығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдарды аккредиттеу жүйесін дамыту бойынша шаралар қабылдады.
Аккредиттеуден өту үшін медициналық ұйым бірқатар өлшемдер бойынша белгілі стандарттарға сәйкес болуы керек, бұлар: үрдісті ұйымдастыру және басқару, медициналық ұйымдардың құрылымын (орынжайлар мен коммуникацияларды модернизациялау, аумақтарды көркейту) жақсарту, тиісті дәрілік қамтамасыз ету, кадрлық саясат, медициналық қызметтер сапасын басқару, пациент құқықтарын қамтамасыз ету, инфекциялық қауіпсіздік.
Аккредиттеу медициналық қызметтер сапасын бағалау, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде медициналық ұйым туралы алдын ала ақпарат алу және медициналық ұйымдарды соңғы нәтижеге бағыттау мақсатында жүргізіледі.
Мамыр айының 26-30 аралығанда болған аккредиттеудің нәтижесінде Ордабасы аудандық орталық ауруханасы ұлттық аккредиттеудің І санатын алды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика