• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Басқарма басшысы Ордабасы аудандық аурухана жұмысымен танысты

Автор:admin

Ноя 4, 2023
Spread the love
Бүгін Түркістан облысының денсаулық сақтау басқарма басшысы Асхан Байдуәлиев Ордабасы аудандық орталық аурухана жұмыстарымен танысты. Басқарма басшысы аурухананың қабылдау бөлімінен бастап барлық құрылымдық бөлімшелерді инсульт орталығы,балалар бөлімін,емхана бөлімінің жұмысымен танысып, ауруханада жаткан науқастармен кездесіп, жағдайын сұрады.
Ордабасы АОА басшысы Болатхан Сағымбеков ауруханада атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы уақытта жасалатын шаруалардың жоспарымен, заманауи лабораториялық қондырғылармен, жаңадан алынған КТ аппаратынын жұмыс істеу барысын, операциялық блоктардың медициналық құрал-жабдықтармен таныстырды. Сонымен катар басқарма басшысы перзентханада танертең дүниеге келген егіздерді көріп, сәбилерге жылы лебізін білдіріп, құттықтады. Сондай ақ қызметкерлердің қатысуымен мәжіліс залында кездесу өткізіліп,аурухананың заманауи күрделі жөндеуден талаптарға сай етіп жасалғанына ризашылығын айтып, қызметкерлерге алдағы жұмыс күндеріне табыс тілеп, үлкен сеніммен қарайтынын білдірді.
Айта кетейік, Ордабасы аудандық ауруханасында адам жанының арашасы болып, науқастарды ауыр жағдайдан алып шығуда жа
Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Қандай қиын сәттер мен ауыр жағдайлар болмасын дәрігерлер мен мейірбикелер өз ісіне мұқият қарап, адам жанының арашасы бола білді. Дәуір мен өркениет алмасып келсе де, олардың Гиппократ антына адалдығы сол күйінде қалып отыр.
Адам денсаулығының күрес жолында тәулік бойы көз ілмей, тәуекелге бел буып, адам өміріне араша түскен дәрігерлердің еңбектері нағыз ерлік жасаумен пара-пар екеніне қалың жұртшылық көз жеткізген тағы бір оқиғасының бірі Ордабасы аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне 05.05.2023 жылы 1946ж. З есімді науқас жүрек жетіспеушілігі диагнозымен түсіп, сол жерде клиникалық өлім алады. Жан сақтау бөлім меңгерушісі Тастемір Ғалымжан Құрманбекұлы, Реаниматолог Шермахан Әділхан Ермаханұлы, Терапия бөлім меңгерушісі Мырзабаев Абихан Абилхасимович, Қабылдау бөлім меңгерушісі Орынбасар Нұрзат Сакенұлының дер кезінде көрсеткен жәрдемінің арқасында науқасты аман алып қалды.
Жансақтау бөліміне жағдайы өте ауыр, есі кома -2, тынысы ӨЖЖ аппараты арқылы емделген науқас қазіргі таңда палатаға ауысып, жағдайы жақсаруда. Құрметті ақ халаттылар Денсаулық саласында тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктеріңізді аянбай қызмет етіп жатқандырыңыз үшін сіздерге мың алғыс!

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика