• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Диабеттік нефропатия

Автор:admin

Ноя 4, 2023
Spread the love

Басты байлық – денсаулық. Көп жағдайда оның қадірін кеш ұғынамыз. Дерт асқынса ғана дәрігерге жүгіну – әдетіміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында жіті мән берді. Басты байлық – денсаулық. Көп жағдайда оның қадірін кеш ұғынамыз. Дерт асқынса ғана дәрігерге жүгіну – әдетіміз. «Ауылдың аты ауыл ғой» деп, көбіне қалада емделгісі келетіндер қаншама. Ал қалтасы қалың отандастар шетелге шығып ем қабылдап келеді. Расында ауылдық жерлердегі емдеу мекемелерінің жай-күйі көп жағдайда жұрт көңілін көншіте бермейді. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында жіті мән берді.

Халық арасында көп таралатын аурудың бірі  — бүйрек ауруы.

Диабеттік нефропатия – қант диабетімен ауыратын адамдарда пайда болатын бүйректердің зақымдануы. Бұл жағдай қант диабетінің асқынуы болып табылады.   Әрбір бүйрек жүз мыңнан астам нефрондардан тұрады. Бұл нефрондар қанды тазалап және қоқыстарды (шлак) организмнен шығаруға көмектеседі. Қант диабеті кезіндегі бүйректердің зақымдалуына-қант диабетмен ауыратын науқастардың үнемі қант деңгейінің жоғары болуы мен артериальды гипертония әсер етеді. Кейбір жағдайларда тұқымқуалаушылық рөл ойнайды. Темекі шегетін 1 типті қант диабеті бар пациенттерде бүйрек зақымдалу қаупі де  жоғары.

Симптомдар негізі баяу және ұзақ жылдары бойы дамиды: тез шаршағыштық,  жалпы әлсіздік, бас ауруы, құсу, лоқсу, тәбеттің болмауы, аяқтардың ісінуі.  Бүйректердің зақымдалуын анықтау үшін дәрігер анализдер тағайындайды. Жылына бір рет сіз зәр анализын тапсырып тұрасыз. Диабеттік нефропатиямен бірге жоғары артериальды қысым болады. Бұл жағдайда артериальды қысым тез көтеріледі және қиын бақыланады. Артериальды қысымды түсіретін препараттар бүйректердің алдағы зақымдалуын алдын алады. Диабеттік нефропатия кезінде артериальды гипертонияға қарсы мынадай препарат топтары қолданылады: АПФ ингибиторлары және ангиотензин рецептор блокаторлары. Бұл препараттар қалыпты  артериальды қысым кезінде де көмектеседі. Диабеттік нефропатиямен ауыратын науқастар МӘМС шеңберінде медициналық ем алуға құқылы. Бүйрек зақымдалуын баяулату үшін: майлы тағамы шектелген диета, холестерин деңгейін бақылау үшін препараттар және күнделікті физикалық жаттығулар көмектеседі. Қант деңгейін бақылау бүйректердің зақымдалуын алдын алады. Диета ұстану тұрақты түрде инсулин немесе басқа препараттарды қабылдау, үй жағдайында қантты бақылау үшін негізгі кеңестерді білу, өздігінен қант деңгейін тексеру керек. Бүйректеріңізді сақтап қалу үшін мынаны біліңіз: МРТ, КТ немесе басқа тексеру әдістері кезінде контрастылық зат қолданар алдында дәрігерге науқас  қант диабеті бар екенін айтуы керек. Науқас  қант диабеті бар және  стандартты зәр анализін тапсырмаса, онда міндетті түрде дәрігерге қаралғаны жөн.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика