• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ ЖАСАЛДЫ

Автор:admin

Ноя 4, 2023
Spread the love
Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасында донорлық бүйрек трансплантациясы бойынша мастер-класс өтті. Мастер-классты А.Н.Сызғанов атындағы «Ұлттық хирургия ғылыми орталығы» АҚ төрағасы, профессор Болатбек Баймаханов өткізді.
Операция тікелей эфирде онлайн трансляция арқылы көрсетілді. Мастер-класқа облыстық клиникалық аурухана хирургтарынан бөлек аудандық ауруханалардың басшылары мен хирургтары да қатысты.
Донордан бүйрек алу лапароскопиялық әдіспен жүргізілді. Бұл әдістің артықшылығы-тез қалпына келтіру (3-4 күн ішінде) және жара жұқтыру қауіпінің төмендігі болып табылады.
Операцияның орташа ұзақтығы шамамен бір сағатты құрайды. Алдымен алынған бүйрек пен донор дайындалады, содан кейін реципиентке трансплантация жасалады.
Бүгінгі трансплантацияланған бүйректі имплантациялау операциясы шамамен 1,5 сағатты құрады. Операциядан кейін науқастың өмір сапасы жақсарады, яғни емін-еркін сау адам ретінде өмір сүре алады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика