• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА АЛҒАШ РЕТ КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ

Автор:admin

Ноя 4, 2023
Spread the love
Түлкібас аудандық орталық ауруханада алғаш рет облыстық аурухана дәрігерлердің қатысуымен күрделі ота жасалды.
Шұғыл көрсеткіштер бойынша аудан тұрғыны 70 жастағы Мырзабеков үйінде құлап қалып, оң сан сүйегін сындырып, аудандық ауруханаға түсті.
Аудандық аурухананың жарақат бөліміне Облыстық клиникалық ауруханасынан шақыртылған ортопед- дәрігер және аудандық аурухананың жарақат бөлімінің меңгерушісі, нейрохирург-дәрігер Жандос Буданбаевтың қатысуымен оң сан сүйегінің жабық майдаланған сынығына ЭОП арқылы алғаш рет ота жасалды.
Ота күрделі болғанымен, сәтті өтті. Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсарып, аяғынан тұрып, отадан кейін үйіне шығарылды.
— Мен 70 жастамын.«Жазым аяқ астынан», демекші үйде оқыстан құлап қалып, оң жақ сан сүйегімді сындырып алдым. Жаныма қатты батқан соң аурухананың жарақат бөліміне түстім. Қолы жеңіл дәрігерлердің арқасында ота сәтті өтіп, өз аяғыммен тұру бұйырды. Осы орайда әуелі Алла, екінші жарақат бөлімінің дәрігерлеріне алғыс айтамын. Бөлім меңгерушісі Жандос Буданбаевқа, білікті жарақат дәрігер Сурашев Қали мырзаға, медбикелерге, мейірбике-тазалықшыларға қариялық ақ батамды беріп, ризашылығымды білдіремін, – деді тұрғын.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика