• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ЖОСЫҚСЫЗ МЕРДІГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫСТЫ ТОҚТАТУ КЕРЕК!»

Автор:admin

Ноя 3, 2023
Spread the love
Осыдан екі жылдан астам уақыт бұрын Кентау орталық қалалық ауруханасының бір корпусында басталған күрделі жөндеу жұмыстары бүгінгі таңға дейін толық бітпей отыр. Жөндеу жұмыстары жалғасуда. Кентау қаласына жұмыс сапарымен келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды орталық қалалық ауруханасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған  r-factor.kz ақпараттық агенттігі.
Белгілі болғандай, тапсырыс беруші жауапты мердігерді 2 рет сотқа беріп, соңғы рет медиациялық жолмен қарап, 2022 жылдың 15 желтоқсанына дейін күрделі жөндеу жұмысын аяқтау жүктелген. Қазіргі таңда жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі жауапты басшыларға жүктелген міндетін орын алмай отырған жосықсыз мердігерлермен келісімшартты, жұмысты тоқтатуды тапсырды.
– Маңызды әлеуметтік нысанның жөндеу жұмысын осыншама уақытқа созу ақылға сыймайды. Жауапты мойнына алған соң сапалы және уақтылы орындауын басты назарда ұстау керек емес пе? Жосықсыз мердігерлермен жұмысты тоқтатып, жауапкершілікке тарту қажет. Әрбір әлеуметтік нысанның құрылысына халықтың қаржысы жұмсалады. Оның сұрауы бар. Бұл талап барлық мердігерлерге қатысты. Сапа мен белгіленген кестенің сақталуы қатаң бақылауда болуы керек. Бюджеттен тиісті қаражатты алып, жауапкершілік алған мердігер елдің аманатына адалдық танытқаны дұрыс, – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Ауруханада жұқпалы аурулар, босану, балалар бөлімі, инсульт орталығы, терапия, сынық-сырқат бөлімі, жансақтау, хирургия, күндізгі бөлім, паллиативті көмек көрсету, реабилитация бөлімдері және зертхана бар. Мекемеде 533 медицина қызметкері жұмыс істейді.
Кентау орталық қалалық ауруханасының Б корпусының тозығы жетуіне байланысты жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жолданған. ЖСҚ толық әзірленген соң күрделі жөндеу жұмыстары 2024 жылға жоспарланған. Емдеу мекемесіндегі рентген құрылғысының ескіріп, пайдалану мерзімі өтуіне байланысты жаңадан рентген құрылғысын биыл алу көзделіп отыр.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика