Арыс қаласы әкімдігінің кіші мәжіліс залында Арыс қаласы әкімдігі жанындағы халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған r-factor.kz ақпараттық агенттігі.
Жиынға Арыс қаласы әкімінің орынбасары Рысдәулет Айтбаев, Түркістан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығының басшысының орынбасары Даурен Рыскелдиев және орталықтың эпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Ақмаржан Қалмахан мекеме және бөлім басшылары, денсаулық сақтау ұйымдары, жастар өкілдері және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Үйлестіру кеңесі отырысының күн тәртібінде:
1. Арыс қаласы бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру туралы;
2. Балалар мен жасөпірімдер арасында АИТВ инфекциясының таралуының алдын алу;
3. Репродуктивті жастағы (15-49 жас аралығы) халық арасында АИТВ инфекциясы жұғуының алдын алу;
4. 2022 жылдың қорытындысы бойынша эпидемиологиялық жағдайды талқылау мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, жиынға қатысушылар тарапынан баяндамашыларға сұрақтар қойылып, ұсыныстар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.