Ел бойынша бастау алған «Біз туберкулезді жеңеміз» айлығы аясында Кентау қалалық емханасында түрлі шаралар өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған r-factor.kz ақпараттық агенттігі.
Атап айтқанда, туберкулез ауруы және екпенің маңызы туралы ата-аналармен 1 дөңгелек үстел, қызметкерлер арасында және мектептер 15 семинар өтіп, оқушыларға 17312 диктант жазылды.
Кентау қалалық емханасында фтизиатр дәрігерлердің қатысуымен ашық есік күні өтті. Ашық есік күнінде дәрігерлер тұрғындарды қабылдап, туберкулез ауруы және оның алдын алу туралы өз кеңестерін берді. Сонымен қатар, емхана аймағында арнайы флюрамашина қойылып, тұрғындарға өкперентгені түсірілді. Одан бөлек пациенттерге туберкулез ауруы туралы 100-ге жуық үнпарақтар таратылды.
Туберкулез (ТБ) –бактериялардан туындаған инфекциялық ауру. Әдетте, туберкулез кезінде өкпе зақымданады, бірақ, үрдіс буындарға, несепқапқа, омыртқа бағанына, миға, және дененің басқа бөліктеріне тарауы мүмкін.
Аурудың симптомдары қандай? Туберкулез белсенді болмаса, аурудың ешқандай симптомдары болмайды. Белсенді туберкулездің симптомдары: 3 аптадан артық уақытқа созылатын, кейде қан қақырығы болатын жөтел Кеудедегі ауырсыну Қызба Шаршау Жоспарланбаған салмақ жоғалту Тәбетті жоғалту Қалтырау және түнгі тершеңдік.
Егер сізде осы белгілер байқалса тез арада дәрігерге жүгініңіз! Туберкулез диагностикасы мен емі ақысыз негізде жүргізіледі!