• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ — БАСТЫ МІНДЕТ

Автор:admin

Ноя 3, 2023
Spread the love
Көктем келіп күн жылына бастағанда аса қауіпті жұқпалы аурулар тобына жататын конго-қырым қанды қызбасы ауруының эпидемиологиялық маусымы да келетіні белгілі. Яғни осы кезде табиғатта кенелер саны тез көбейіп, олардың ішіндегі ауру тасымалдаушы кенелер адам денсаулығына қауіп туғызады, олар кеміргіштердің індерінен жер бетіне шығып, жануарлар мен адамдарға шабуыл жасайды. Сондықтан да бұл мәселенің алдын алу үшін ауыл шаруашылығындағы малдарға, қора жайларға залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп отырудың маңызы зор.
Осы мақсатта аудан әкімдігінің мәжіліс залында халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оған үйлестіру кеңесінің мүшелері, денсаулық сақтау саласының мамандары мен мекеме, кәсіпорын басшылары және ауыл округінің әкімдері қатысты.
Жиынның күн тәртібінде Отырар ауданында 2023 жыл көлемінде (Конго-қырым қанды қызбасы) аурудың алдын алу жөніндегі атқарылған іс-шараларының барысы туралы мәселе қаралды. Аталған мәселе бойынша Отырар ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы Нағима Биімбетова мен АШБ «Ветеринарлық қызметі» ШЖҚ МКК Отырар аудандық филиалы басшысы Ербол Сейтқазы баяндама жасап, атқарылған жұмыстарына тоқталды.
Сондай-ақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Медет Бөрібеков, ауыл округінің әкімдері, аудандық орталық аурухана дәрігерлері хабарлама жасап, қолға алынған іс-шаралар бойынша қойылған сауалдарға жауап берді.
Үйлестіру кеңесінің отырысын жүргізіп отырған комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов жауапты мамандарға бірқатар тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, «сыртан (шет мемлекеттерден) уақытша тұруға немесе жұмыс істеуге келген азаматтар шаларды көші қон полициясы есепке алынуын қадағалау, халық арасында әсіресе егістікке сыртан келіп жалданып жұмыс жасап жатқан азаматтарға аса қауіпті жұқпалы (КҚҚҚ) жұқпалы аурулардың алдын алу жөнінде түсіндірме жұмыстарын кеңінен насихаттау, конго-қырым қанды қызбасының алдын алу бойынша залалсыздандыру жұмыстары кезінде жеке үйлерге жеке қожалықтағы қоралардың тазартылуын ұйымдастыру, кенеге қарсы ауыл шаруашылықтағы малдарға қора жайға, буферлік аймақтарға залалсыздандыру жұмыстарына кесте түзу жұмыстарын жүргізу керек»-деді кеңес төрағасы.
Жиында айтылған сын-ескертпелерден тиісті қорытынды шығару үшін арнайы іс-шара жоспары бекітіліп, жауапты мамандарға күн тәртібіндегі мәселе бойынша міндеттер жүктелді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика