• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«Қиыншылық кез-келген отбасында болады»

Автор:admin

Сен 19, 2022
Spread the love

Сергей ДОМНИН, экономист:

«Анығында, біз нәрсені мойындауымыз керек. Біз отбасы туралы тым аз білеміз. Соңғы халық санағы қашан жүргізілгені естеріңізде ме? 2009 жылы. Осыдан 13 жыл бұрын…

Демек, қазіргі күні Қазақстанда 4 млн. отбасы бар деген дерек 2009 жылдың мәліметі деген сөз. Меніңше, одан бері көп дүние өзгерді, сондықтан аталған деректі нақты деп айта алмаймын.

Жоғарыда Жұлдыз ханым мына бір деректерді алға тартты. «Ажырасу туралы шешімге келген үш мың жұптың арасында сауалнама жүргізгенмін. Сол кезде «не себепті ажырасу туралы шешім қабылдадыңыздар?» деген сұрағыма көпшілігі «мінез-құлқымыз сай келмеді» деп жауап берген еді. Екінші орында «ата-анасымен сыйыса алмадым, туысқандары араласа береді, достары нашар» деген пікірлер айталды. Ал үшінші орында тұрмыстық проблемалар тұрды» деді ол.

Меніңше, бұл зерттеулердің өзі қайта қарап шығуды қажет етеді және «мінез-құлқымыз сай келмеді, сыйыса алмадық» деген сөз бұл арада ажырасудың басты себебі емес.

Бұл арада тек қана насихат қажет. Қиыншылық кез-келген отбасында болады. Отбасыға құндылық ретінде қараған адам шаңырағын шайқалтпауға тырысады.

Айталық, жас отбасы ипотекаға үй алды делік. Төлей алмады. Қиналды. Отбасында ұрыс-керіс шықты. Жастар екі жаққа тарап тынды.

Болмаса тағы бір мысал. Айлық аз. Отағасының тапқан табысы отбасыға жетпейді. Тарығу басталды. Мұның арты неге алып келері белгілі ғой. Тағы да ұрыс-керіс. Жастар екі жаққа тарап тынды. Иә, бұл арада ажырасудың негізгі себебі тұрмыс болып тұр. Оның ішінде баспана.

Бұл ретте қуантарлық жақсы тенденция бар. Мемлекет жас отбасыларды баспанамен қамтуда үлкен жұмыстар атқаруда. Бұл өз кезегінде ажырасу көрсеткішін де азайтады деген сенімдемін. Себебі, тұрмыс түзу болса, ыдыс-аяқ та сирек сылдырлайды.

Отбасы – баланың әлеуметтенуінің алғаш­қы факторы. Толық емес отбасын­да, бұл процесс отбасының қалыпты құры­лымының жоқтығынан өзгереді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне сүйен­сек, кішкентай бүлдіршіндер ата-анасының ажырасуы салдарынан пси­хологиялық зардап шегетіні анық­талды. Ерлі-зайыптылардың арасындағы туындаған кикілжіңдердің салдарынан бала­лар депрессияға ұшырайды және дамуының артта қалуына бейімді болып келеді. Осылайша ажырасу фактісі бала­ны ауыр психологиялық салдарға (құ­қық бұзушылыққа, суицидке, өз-өзіне сенім­сіздікке) душар етеді. Толық емес отбасының проблемасы – баланың әлеуметтенуінің бұзылу проблемасы.

Қоғам ішін жегіқұртша кемірген бұл мәселе қатаң шаралар қабылданып, дер кезінде шешімін таппай, осылай жалғасын таба беретін болса, өте қиын. Сон­дықтан ұлттық құндылықтарды қастер­леудің заңдық жауапкершілік нор­масын енгізу бүгінгі күннің талабы деп есептеймін.

Некенi бұзу туралы талап қою арыз­­да­рынан алынатын мемлекеттік баж салығының жоғарылауы ерлі-зайып­ты­лардың ажырасуға деген ниетін төмен­дету шараларының бірі болары анық.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика