• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

“Отбасы институтын жетілдіру бағытында іргелі істер атқарылуда” Эдуард ПОЛЕТАЕВ, саясаттанушы:

Автор:admin

Сен 19, 2022
Spread the love

Бұған дәлел болатын мысалдар да жеткілікті. Атап айтар болсам, 2013 жылдан бастап қыркүйек айының әр жексенбісінде Қазақстанда отбасы күні өткізіледі. Ал былтырғы жылдың ақпан айында Қазақстанда Бала құқығы бойынша өкілетті институт құрылып, дәл сол жылдың аяғында Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Отбасылық және гендерлік саясатқа қатысты тұжырымдамасы қабылданды. Бұл ғана емес. Күллі ТМД кеңістігі бойынша биылғы жыл Отбасы жылы деп аталып отыр. Бұл бастама өз кезегінде Достастық елдері арасындағы әріптестікке байланысты одан әрмен арттыра түсеріне сенімім мол. Жалпы біздің елімізде отбасылық құндылықтар мәселесі ешқашан да назардан қалыс қалған емес. Тіпті аумалы-төкпелі 90-шы жылдардың өзінде бірқатар маңызы жобалар жасалынды. Атап айтар болсам 1995 жылы Қазақстан Президенті жанына Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат мәселесі бойынша кеңес құрылды. 1998 жылы бұл ұйым ресми түрде Қазақстан Президенті жанындағы Отбасы және әйелдер ісі бойынша ұлттық комиссиясы болып өзгерді. Тиісінше, оның шекарасы кеңейді, құқықтық құзіреті өсті. Сонымен қатар отбасы құндылығын арттыратын байқаулар да тұрақты түрде өткізіліп отырады. Айталық, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысатын жанұялардың саны жыл сайын артып келе жатыр. Демек, осы байқау арқылы жас отбасы өзін-өзін тәрбиелеп жатыр, алдындағы аға-апа буыннан үлгі алып жатыр деуге әбден негіз бар. Отбасы – адам үшін ең жақын әлеу­меттік орта. Отбасы белгілі дәстүр­лер­дің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отба­сында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы – баланың азамат болып өсуінің негізі. Адамның жеке басының алғашқы қа­лып­тасуы отбасынан басталады. Оның ержетіп өсуі, бойындағы алғаш­қы адам­гершілік белгілер отбасында қалып­тасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақ­талып, мәңгі есінде жүреді. Жеке адам­­ның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қаты­наста, мәде­ниеттілікті тәрбиелеуде отба­сы­ – алғашқы қадам. Сондықтан отба­сы – өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өз­гер­­туге болмайтын баспалдақ. Отбасы – сый­­ластық, жарастық орнаған орта. От­ба­сы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика