Қазақстан Республикасының Парламент Мәжіліс депутаты фракция мүшесі Болатбек Нажметдинұлы мен Әл-Фараби аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Есенбек Арай аудан аумағындағы «Ай-Нұры» емханасының ұжымымен кездесіп, медицина саласының қызметкерлерімен тілдесті.
Емхана дәрігерлері күнделікті жұмыста кездесетін қиындықтарымен бөлісіп, депутатқа сауал жолдады. «Ай-Нұры» емханасының меңгерушісі аталмыш аудан бойынша 17 учаскелік аймаққа бөлінгенін жеткізді. Әр учаскелік аймақтан 2 немесе 3 отбасының ата-анасы балалардың міндетті түрде алуы тиіс екпелерден бас тартанын айтып шағымданды.
— Мәселен, 17 участок бойынша бізде ай сайын қызылшамен ауыратын 2-3 бала тіркелуде. Олар баратын бала-бақшадағы балаларға жұқтырып, олардың саны сәйкесінше артып отыр. Ал, ауруы асқынған балалардың ата-анасы бірден дәрігерге арызданып, шағым түсіреді. Тұрғындар дер кезінде екпе алмағанның салдарынан кесел асқынып, ауыр түрде өтетінін түсінбейді көп жағдайда. Баласы ауырса дәрігер кінәлі болады. Осы мәселеге қатысты денсаулық сақтау министрлігі балаларды түрлі ауруға қарсы екпелерді ерікті түрде алуын өзгертуі қажет. Екпе алмаған баланы бақшаға қабылдамауы керек. Заң тұрғысынан қатаңдату керек деп ойлаймын, — деді Сәтпаева Мәншүк.
AMANAT партиясы трансформациядан өтіп, 70 пайызға жаңарды. Жаңа құрамда әйелдер мен жастар саны да аз емес. Отыз жылдық тарихы бар іргелі саяси құрылым ел көлемінде өтіп жатқан сайлауалды шаралар легін Атырау өңірінде де өз деңгейінде жалғастыруда.
Дәрігерлер қолжетімді баспана бағдарламасы, медицина қызметкерлерінің демалыс күндерінің санын ұлғайту, медициналық сақтандыру және дәрі-дәрмектердің бағасының өсуіне қатысты бірқатар проблемалық мәселелерді көтерді. Б.Нажметдинұлы өз кезегінде парламентшілер көтерілген барлық мәселелерді назарда ұстайтынын атап өтті және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту саласындағы Палатаның заңнамалық қызметі туралы хабардар етті.
«Жақында жаңа Әлеуметтік кодекс қабылданды. Бұл еліміздің әлеуметтік саясатын жақсартудағы маңызы зор қадам екені даусыз. Жаңа әлеуметтік саясат – Мемлекет басшысы жариялаған ауқымды өзгерістердің бірі болып табылады. Әр отбасында жаңа цифрлық картаның болуы, жұмыспен қамту саласында жаңа тәсілдерді енгізу және арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жетілдіру де сондағы жаңалықтардың ішінде. Бұл біздің отандастарымыздың өміріне де, сала қызметкерлеріне де оң әсерін тигізеді», деп атап өтті Б.Нажметдинұлы
Халық қалаулысы өз кезегінде аталмыш мәселе өте өзекті екенін айта келе, республика деңгейінде көтеріп, тиісті жауап беретінін жеткізді.