Еліміздің барлық өңірінде «AMANAT» партиясының қолдауымен дәстүрлі «Мектепке жол!» республикалық акциясы аясында Еңбекші ауданы «ЕҢБЕК» БПҰ төрайымы Сихамбекова Жансұлу Абдразаққызы балаларға кеңсе заттарын сыйлады.
Балалардың шынайы күлкісінен қымбат дүние жоқ. Бастысы дендері сау болып, толық білім алып, елімізге қызмет ететін үлкен азамат болсын.
Жаңа оқу жылының қарсаңындағы игі бастама елімізде дарынды, білімді, алғыр, дені сау ұрпақ өсуіне ұйытқы болары анық. . Бұл туралы R-factor.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа оқу жылының қарсаңындаңы игі бастама елімізде дарынды, білімді, алғыр, дені сау ұрпақ өсуіне ұйытқы болмақ. Жыл сайын балаларға мейірім мен шуағын төгетін акция көпшілік көмегімен өз дәрежесінде өтті. Бүгінгі күні бір баланың өзін мектепке дайындау ата-анаға әжептәуір салмақ түсіретіні анық.
Ал, отбасында бірнеше бала болса ше? Әлбетте, мұндай жағдайда әке-шеше барлық ба-ласын бірдей жаңа оқу жылына сақадай сай етіп даярлай алмасы анық. Бұдан басқа да әлеуметтік көмекті қажет ететін тұрмысы төмен отбасы мен жетім, жартылай жетім жеткіншектер бар. Оларға да көп болып көмек көрсету игілікті іс. Осыған орай жыл сайын еліміз көлемінде «Мектепке жол!» атты республикалық акциясы өткізіліп келеді
Бұл акция көптеген жеткіншекке шапағат нұрын себуде. Бұл бір реттік қана көмек емес, жыл бойы жалғасып отыратын үрдіс. Осы ретте акция кезінде ғана емес, басқа уақытта да тұрмысы төмен отбасын азық-түлікпен, балаларды қыстық киіммен қамтып, тұрақты демеушілік көрсетіп тұратын азаматтардың бары қуантады.
Акция аясында оқушылар оқуға қажетті құрал-жабдық, мектеп формасы, спорттық киімдермен қамтылып келеді. Бұл акцияға аудандық әкімдіктен бастап, басқарма, департаменттер, түрлі мекеме, ұйымдар белсенді түрде атсалысып келе жатқанын айта кеткен орынды. Сол сынды ата-аналар, ұстаздар, кәсіпкерлер демеушілік көмек көрсетуде. Сондай жанның бірі жеке кәсіпкерлер биыл қаншама баланы бірдей мектепке даярлауға ниет танытып отыр. Сондай-ақ, бірқатар дүкендер көп балалы отбасы балаларына мектеп формасына 10-15 пайыздық жеңілдіктер ұсынып отыр. Қуаныш пен күлкі сыйлап отырған барлық демеушіге, осы істің ұйытқысы болып жүрген ұстаздар қауымына алғысымыз шексіз. Акцияның алғашқы айында бірқатар оқушы мектепке қажетті құрал-жабдықпен қамтылды. – Акция енді ғана бастау алды. Жаңа оқу жылы басталғанша 73 баланы толықтай мектепке даярлаймыз. Ол үшін әлі де демеушілер іздестіріп жатырмыз. Бүгінгі күнге дейін үлес қосқан жандар да баршылық. Жыл сайын акцияны өз деңгейінде өткізіп келеміз