Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясы жетекшісінің орынбасары Балтабаев Талғат Дүйсебайұлы Қайнар булақ саяжайының тұрғындарына көшпелі қоғамдық қабылдауын өткізді. Қоғамдық қабылдауда Талғат Дүйсебайұлы бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдады. Бұл туралы R-factor.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қабылдауға жазылған азаматтар халық қалаулысына жұмыспен қамту, тұрғын үй, әлеуметтік көмек, кәсіпкерлерге берілетін несиелер мен гранттар туралы бірқатар сұрақтарымен жүгінді. Тұрғындарды қабылдау барысында жеке кәсібін дамыту бойынша өтініш айтқан жастарға жан-жақты кеңестер беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «Қазір халықтың көзі ашық, көкірегі ояу. Халық үніне құлақ асу, тұрғындардың талап-тілегін тыңдау, проблемаларын шұғыл шешу Заңмен де белгіленді. Азаматтық қоғамды дамытуды, ашықтық пен жариялылықты қолдауды көздейтінін Мемлекет басшысы бұған дейін де бірнеше рет атап өтті. Соның айқын дәлелі Президенттің бастамасымен биыл елімізде, оның ішінде біздің ауданымыздағы үш ауылда ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Бұрын ауыл әкімдері депутаттардың дауыс беруімен қызметке кіріссе, енді жергілікті халықтың дауыс беруімен, яғни қолдауымен сайланады. Бұл олардың халық алдындағы жауапкершілігін көтеріп, қабылдайтын шешімдерін түзеуіне, жергілікті билік жұмысының халыққа етене жақын болуына әсер етері сөзсіз.
Өтініш берушілер жұмысқа орналасу тәртібін түсіндіру, еңбек қатынастарын рәсімдеу, жұмыс істейтін аналар үшін еңбек заңнамасында көзделген жеңілдіктерді алу, жалға берілетін тұрғын үй алу үшін кезекке қою тәртібі туралы мәселелер бойынша өтініш білдірді.
Өтініш берушілерге Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 100-бабына сәйкес қызметкер бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалысты толық немесе бөліп пайдалана алатындығы түсіндірілді. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында қызметкердің жұмыс орны сақталады. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 82-бабына сәйкес, бір жарым жасқа дейінгі балалары бар жұмыс істейтін әйелдерге баланы тамақтандыру үшін ұзақтығы кемінде отыз минут әрбір үш сағат сайын қосымша үзілістер беріледі. Қабылдауға келгендердің басым бөлігі инфрақұрылым мәселесін алға тартты. Жарықтандыру, жол, мектеп құрылысы мен спорт алаңшаларын салу жөнінде де тұрғындар өз сұрақтарын айтты.
Емхана мен көп балалы отбасыларға және жастарға көмек көрсету бойынша қолдау күткен ағайын да қабылдауға арнайы келген.
Қабылдауға келген азаматтардың сауаладарына заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бірқатарына көмек көрсетілді.