• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ТІРКЕУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Автор:admin

Июл 29, 2023
Spread the love

Ағымдағы жылғы 27 шілдеде Шымкент қаласы мәслихатында Шымкент қаласы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен нормативтік құқықтық актілерді тіркеудегі жаңашылдықтар жөнінде семинар өтті. Семинарға мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты. Бұл туралы R-factor.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Семинар барысында нормативтік құқықтық актілерді тіркеуге қатысты қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы Әділет департаментінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің басшысы Н. Муслимова баяндап берді.
Сонымен қатар «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне ҚР әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды іске асыру шеңберіндегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы жаңашылдықтар, құқықтық мониторинг жүргізу мәселелері талқыланды.
Семинар соңында жұмыс барысында туындайтын проблемалық мәселелер мен қойылған сұрақтар талқыланып, тиісті ұсыныстар мен түсініктемелер берілді.
Семинарда мемлекеттік органдардың нормашығармашылық қызметінің сапасы жайлы, нормативтік құқықтық актілерді қабылдау және тіркеуге ұсыну, ресми жариялау тәртібі, орын алған кемшіліктер және оларды алдын-алу шаралары талқыланып, мониторинг жүргізу тәртібіне түсіндірмелер берілді.
Сонымен қатар, елімізде орын алған конституциялық реформалар жөнінде талқыланып, Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді. Сонымен қатар, алдағы уақытта атқарылуға тиісті міндеттер мен шаралардың бағыт-бағдары түсіндірілді. ӘРПК-і мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді.
Әкімшілік рәсімдердің міндеттері жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыру, жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу, тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басқаруды, оның ішінде адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы арқылы қамтамасыз ету, жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту болып табылады.
Әкімшілік орган, лауазымды адам жолданымдарды қабылдайды және тіркейді, оларды және қоса берілген құжаттарды ресімдеуге жәрдемдеседі, формальды қателерді жоюға және қоса берілетін құжаттарды толықтыруға мүмкіндік береді, әкімшілік рәсімге қатысушыға оның әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, әкімшілік рәсімді жүзеге асыруға қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сұратады және алады, әкімшілік рәсімге қатысушыны өткізілетін тыңдаудың орны мен уақыты туралы күні бұрын хабардар етеді.
Әкімшілік рәсімге қатысушыға әкімшілік орган, лауазымды адам алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге міндетті, бұл туралы әкімшілік рәсімге қатысушы алдын ала, бірақ әкімшілік акт қабылданғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика