• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы бірқатар білім беру нысандарын аралады

Автор:admin

Авг 11, 2023
Spread the love

Ағымдағы жылғы 10 тамызда Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов бірқатар білім беру нысандарын аралап жаңа оқу жылына дайындығымен танысты.
Іс-шара барысында Б. Нарымбетов № 66 және 78 жалпы білім беретін орта мектептерінде, есту қабілеті бұзылған балаларға арналған № 1 арнайы мектеп-интернатында болды. Бұл туралы R-factor.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Аралау барысында мәслихат төрағасы Б. Нарымбетов білім ордаларындағы жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталғандығы, оқушыларды қабылдауға әзірлігі, ауланың абаттандырылуы мен тазалығы, ғимаратқа кіру режимі, бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілуі, оқушылар үшін қолайлы жағдайлардың жасалуы, кабинеттердің жабдықталуы, кітапханаларда оқу құралдарының жеткіліктілігі сияқты мәселелерге аса назар аударды. Мәслихат төрағасы оқушыларға барлық жағдайлар жасалуының, сонымен қатар қауіпсіздік шаралары сақталуының маңыздылығын атап өтiп, техникалық қадағалау өкілдерінiң объектіде болмағанына ескерту айтты. Сонымен қатар нысандарды аралау барысында мердігерлерге бірқатар сын ескертпелер айтылып, мерзімінде аяқтауға тапсырма берілді.
Құрылысты тез арада бастап, осы жылы аяқтау керек. Дизайн мен қала құрылысының заманауи талаптарына сай келетін мектеп салу керек. Құрылыс кезінде іргелес аумақтағы барлық ағаштарды сақтап қалу маңызды.
Мектеп директоры әңгіме барысында мектеп түлектерімен жақсы байланыс орнату, өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде ата-аналар комитетінің рөлін күшейту қажеттігіне назар аударды. Осы орайда білім басқармасына бірқатар ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Сондай-ақ, дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектепте болды. Мектеп директоры оқу кабинеттерімен таныстырып, білім ордасының қызметі туралы әңгімеледі. Қазіргі уақытта мұнда жетінші сыныптан бастап оқитын 490 бала білім алуда. Негізінен олардың көбі қаласының тұрғындары. Мектеп директорына қала аудандарының да оқушыларын баса мән беру керектігін ескертті. Ал оқу үрдісінде уақыт талабына сай техникалық мамандандыруға айрықша назар аударудың маңыздылығын жеткізді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика