• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Авг 17, 2023
Spread the love

Сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының кезекті
VІ сессиясына ұсынылған мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы болып өтті. Тұрақты комиссиялардың отырысында мәслихат төрағасы Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы төрағалық етіп, күн тәртібіндегі 9 мәселені талқылады. Олар:
1. Абай ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі;
2. Әл-Фараби ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі;
3. Еңбекші ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі;
4. Қаратау ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі;
5. Тұран ауданы әкімінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жайлы есебі;
6. Жылу маусымына дайындық шаралары туралы;
7. Шымкент қаласында «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында атқарылған жұмыстар және жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы;
8. «Шымкент қаласын дамытудың бас жоспары туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 шілдедегі № 5/51-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
9. Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясының өткізілуін жоспарлау туралы.
Жиынға қала әкімдігінің мүшелері мен аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары, сала мамандары қатысты. Бірлескен отырысқа қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар жасады, оның ішінде қала аудандары әкімдерінің атқарған жұмыстары бойынша есептері де тыңдалды. Тұрақты комиссиялар мүшелері баяндамашыларға сұрақтар қойып, бірқатар ұсыныстар айтты.
Осыған дейін бұл мәселелер мәслихаттың тиісті тұрақты комиссияларының отырыстарында қаралып, зерделеніп, тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысына қарауға ұсынылған болатын.
Өз кезегінде мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының күн тәртібіне шығарылған мәселелер толық талқыланып, шешім жобасы сессияға ұсынылды.
Шымкент қаласы мәслихатының кезекті сессиясы ағымдағы жылғы
18 тамыз күні өтетін болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика