• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

МӘСЛИХАТТА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Автор:admin

Авг 11, 2023
Spread the love

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы Бахадыр Мәдәліұлы Нарымбетов пен бірқатар мәслихат депутаттары Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Дәулеталин Сатыбалды Телағысұлымен кездесу өткізді. Аталған іс-шараға Кәсіподақтар федерациясы төрағасының кеңесшісі Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов, Кәсіподақтар федерациясы аппаратының басшысы Нұрлыбек Қалдыбекұлы Жұмаш, Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы төрағасы Бауыржан Ілімшаұлы Әлтеев қатысты.
Кездесу барысында мәслихат төрағасы Б. Нарымбетов Шымкент қаласы Кәсіподақтар орталығы төрағасының ұсынысы бойынша ағымдағы жылғы маусым айында қала мәслихатының депутаттары мен кәсіподақ арасындағы әлеуметтік әріптестікті дамыту, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында «Еңбек» депутаттық тобы құрылғанын атап өтіп, оның мүшелерін таныстырды.
Өз кезегінде сөз алған Кәсіподақтар федерациясы төрағасы
С. Дәулеталин кәсіподақтар федерациясының қызметі, атқарған жұмысы, алдағы жоспарлары туралы баяндап, ортақ мақсат – еңбек қатынастарын реттеуге бірлесе ат салысу екенін атап өтті.
Сонымен қатар «Еңбек» депутаттық топ мүшелері ұйымдар мен мекемелерде дауларды болдырмау, олардың алдын алу мақсатында мониторинг жүргізу қажеттігі туралы ұсыныс жасады.
Сатыбалды Дәулеталиннің айтуынша, Кәсіподақтар федерациясы Республикалық үшжақты комиссияның аясында еңбеккерлердің өздерінің өтініштері, соның ішінде, ҚРКФ төрағасының аймақтарға жұмыс сапарлары барысында түскен өтініштер негізінде әлеуметтік әріптестермен жұмысшылардың мәселелерін шешу бойынша бірқатар нақты ұсыныстарды талқылауды жоспарлап отыр.
Кәсіподақтар федерациясының басшысы Кәсіподақтар федерациясының Қазақстандағы Ұлттық лайықты еңбек бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру жөнінде Үкіметке ұсыныс жасағанын еске салды.
«Федерация бұл мәселеге бастамашы болған Ұлттық құрылтайдың отырысында ол қабылданып, Ұлттық құрылтайдың ұсыныстарын жүзеге асыру жоспарына енгізілді. Қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық лайықты еңбек бағдарламасының жобасын әзірлеуде. Ең бастысы, құжат өзінің практикалық тиімділігіне ие болуы және Қазақстанда лайықты еңбекті қамтамасыз етудің мүмкіндіктері мен қадамдарын нақты көрсетуі керек. Лайықты еңбек – кәсіподақтардың басты мақсаты», – деді Сатыбалды Дәулеталин.
Жиынды қорытындылай келе, мәслихат төрағасы Б. Нарымбетов оң шешімін тапқан еңбек дауларына талдау жасай отырып, дауларды шешу бойынша әдістемелік құрал әзірлеу бойынша ұсыныс жасап, еңбек адамы, халық игілігі үшін бірлесе отырып еңбек етуге шақырды.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика