• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Ана мен бала мемлекет қамқорлығында!

Автор:admin

Сен 19, 2022
Spread the love

Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналары мен қамқоршыларына 1,4 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде жәрдемақы енгізілді. Оның мөлшері  жылы 41 578 теңгені құрады. Оның мөлшері 2019 жылы 41 578 теңгені құрады. Аталған жәрдемақыны 85 229 адам жалпы сомасы 38,1 млрд теңгеге алды. Ағымдағы жылы жәрдемақы көлемі 43 657 мың теңгені құрайды, бұл мақсатқа 48,1 млрд теңге бөлінді. 2018 жылдан бастап 18 жастан асқан бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасау үшін жаңа ай сайынғы жәрдемақы енгізілді. Оның мөлшері де 1,4 ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең. 2019 жылы бұл мемлекеттік жәрдемақыны жалпы сомасы 6,1 млрд теңгеге 13 692 адам алды. 2020 жылы бұл мақсатқа 8,6 млрд теңге қарастырылған. Бұдан басқа, ананы қолдау және ананың беделін арттыру мақсатында 2010 жылдан бастап көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен марапаттау шарттары өзгертілді. «Алтын алқа» алқасымен жеті және одан да көп балалары (бұрын – он және одан да көп) бар аналар, ал «Күміс алқа» алқасымен алты баланың анасы (бұрын – сегіз) марапатталады. Сондай-ақ оларға төленетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 3,9-дан 6,4 АЕК-ке дейін ұлғайтылды. 2019 жылы аталған жәрдемақының мөлшері 16 160 теңгені құрады. Оны жалпы сомасы 45,7 млрд теңгеге 234 941 адам алды. 2020 жылы аталған жәрдемақыны төлеуге 47,5 млрд теңге салынды, төлемнің орташа мөлшері 16 967 теңгені құрайды. Сонымен қатар, базалық деңгейде әлеуметтік сақтандыру төлемдері, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төлемдер қарастырылған. Аталған жәрдемақы жыл сайын ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты арттырылады. Мәселен, 2019 жылы 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы мөлшері 41 578 теңгені, 16 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға: бірінші топ-57 021 теңгені, екінші топ-47 220 теңгені, үшінші топ – 35 638 теңгені құрады. 2019 жылы асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері 25 541 теңгеден 76 027 теңгеге дейін болды. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған жәрдемақы 5 %-ға өсті. 2020 жылы оны төлеуге 75 млрд теңге қарастырылған. Сонымен қатар, 2014 жылдың басынан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшін бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңінде олардың зейнетақы жинақтарын ұлғайтуға, зейнетақымен қамсыздандырудың барабар деңгейіне қол жеткізуге ықпал ететін міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау енгізілді. 2019 жылы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бір жасқа дейінгі бала күтімі үшін 87,8 мыңға жуық әлеуметтік төлем алушылардың жеке зейнетақы шоттарына республикалық бюджеттен 5 миллиард теңге аударылды. Сонымен қатар, 2014 жылдан бастап барлық кезеңде субсидия көлемі 25,9 млрд теңгені құрады. 2020 жылы болжам бойынша, жұмыс істейтін әйелдер үшін міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялауға, олардың бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыста болу кезеңінде 5,9 млрд теңге бөлінеді. Көпбалалы отбасыларды қолдау 4 және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студент балалары бар отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы төлеу есебінен қамтамасыз етілген. Аталған мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап отбасының табысына қарамастан сараланған мөлшерде төленеді: 4 балаға – 42 496 теңге; 5 балаға – 53 127 теңге; 6 балаға – 63 757 теңге; 7 және одан да көп балаға – 74 388 теңге. Ағымдағы жылғы қаңтар айында 369 мың отбасы жәрдемақы тағайындалып, оларға 17 млрд теңгеден астам қаржы төленді. 2020 жылы мемлекеттік жәрдемақылар мен төлемдерді төлеуге 682,9 млрд теңге көзделген.

R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика