• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ ӨТТІ

Автор:admin

Авг 25, 2023
Spread the love

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Алтеевтің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті. Бұл туралы R-factor.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үйлестіру кеңесіне салалық кәсіподақ төрағалары мен кәсіподақ активі қатысты. Күн тәртібінде алда келе жатқан Кәсіподақтар күнін атап өту мақсатындағы жасалып жатқан іс шаралар және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің хаттамалық тапсырмаларына сай мәселелер талқыланды.
Бірінші мәселе бойынша сөз алған аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Бауыржан Ілімшаұлы Алтеевтың Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының және Орталық Азия елдерінің «Үздік ұжымдық шарт» номинациясына ұсыныс беру мәселесін көтеріп, салалық кәсіподақ филиалдары басшыларына бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан ұжымдық шарттарды зерделеп, үздіктерін конкурсқа ұсынуға тапсырма берді, сонымен бірге Кәсіподақтар күніне орай өткізілетін іс-шаралар тізімін жасақтап оның ішінде кәсіподақ ардагерлері мен жастарын басын қосып «Ұрпақтар сабақтастығы» атты іс-шара өткізілу жоспарланды.
Жиын барысында салалық кәсіподақ филиалдары басшыларының ұсыныстары тыңдалып, Кәсіподақтар күніне орай марапатталатын кәсіподақ мүшелерінің тізімі жасақталды.
10 қазанда Қазақстанда кәсіподақтар күні аталып өтеді. Тәуелсіздік алғалы еліміздің кәсіподақтар федерациясы қарапайым жұмысшылардың құқығы үшін күресетін күшті әрі тәуелсіз ұйымға айналды.
Кәсіподақтың басты міндеті – әлеуметтік-еңбек саласындағы кәсіподақ мүшелерінің мүддесі мен құқығын қорғау. Сондай-ақ, кәсіподақ мүшелерінің өмір сүру сапасын жақсарту.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласы кәсіподақтар бірлестігінің құрамында 8 салалық кәсіподақ филиалы және 5 жергілікті кәсіподақ ұйымы бар. Барлығы 607 бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді. Олардағы кәсіподақ мүшелерінің саны 68 620-дан асады. Ал, Түркістан облысы кәсіподақтар бірлестігінің құрамында 7 салалық кәсіподақ филиалы және 5 жергілікті кәсіподақ ұйымына 815 бастауыш кәсіподақ ұйымы біріккен, кәсіподақ мүшелерінің саны 31 564-ті құрайды. Биыл 18 мекемеде бастауыш кәсіподақ ұйымдары ашылып, 741 адам мүшелікке тартылды. бастауыш ұйымдарға қолдау көрсету және еңбек ұжымдарымен тікелей «кері байланыс» жүйесін құру үшін Кәсіподақтар федерациясы «Халің қалай, бастауыш ұйым?» атты акция өткізді. Республика бойынша акция аясында онлайн форматта 362 бастауыш кәсіподақ ұйымымен кездесулер өтіп, шешуді талап ететін 400-ден астам мәселе көтерілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика