• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

«БАСТЫ МАҚСАТ — ХАЛЫҚПЕН ТЫҒЫЗ БАЙЛАНЫСТА БОЛУ»

Автор:admin

Авг 28, 2023
Spread the love

Бүгін ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Нұржан Абдезов «Азаматтық Альянс» орталығында Шымкент қаласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті.
Қазақстан Республикасы Конституиясы күніне орай өткен жиынның мақсаты адам құқықтары жөніндегі өкілдің қызметін халыққа етене таныстыру болды.
– Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл – адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, оларды сақтау мен құрметтеудің мемлекеттік кепілдігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам. Азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу – Уәкілдің негізгі міндеті болып саналады. Уәкілдің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада өкілдері бар. Олар Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің атынан және оның тапсырмасы бойынша өзінің функционалдық міндеттері шеңберінде өкілеттіктерді жүзеге асырады. Осы жерге жиналып отырған бірлестіктер пен үкіметтік емес ұйымдардың басты мақсаты да халықпен тығыз байланыста болу және үкіметтік емес ұйым қызметіне қолайлы орта қалыптастырып, олардың институционалдық әлеуетін арттыру, азаматтық қоғамның құндылықтарын ілгерілету болып табылады. Сондықтан да келешекте бірігіп жұмыс атқаратынымызға сенемін. Біздің жұмысымыз Конституциямыздың 1-бабында көрсетілген «адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы» деген мақсатқа сай болуы тиіс, – деді Нұржан Абдезов.
Өз кезегінде өкіл азаматтардың өтініштерімен ғана жұмыс жасамай, адам құқықтарын қорғаудың жүйелі шаралары бойынша ұсыныстар енгізу жүйесін құруды жоспарлап отырғандықтарын, азаптаулардың және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алу бойынша аймағымыздағы қоғамдық ұйымдар мен сарапшылармен тығыз жұмыс жасайтындықтарын айтты.
Сондай-ақ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Жазира Альжанова сөз сөйлеп, жалпыға бірдей декларация тапсырудың жай-жапсарымен таныстырды.
– Тапсырылған декларация негізінде халықтың кірістері ғана емес, әлеуметтік шығындарының салық шегерімдері туралы да ақпарат қалыптасады. Нәтижесінде ақпаратты толық анализден өткізіп, халықтың жағдайын толыққанды көруге мүмкіндік туады. Оны егжей-тегжей талдағаннан кейін, әлеуметтік осал топтары анықталады. Сонымен қатар жалпыға бірдей декларациялауға көшу мемлекеттік бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз етіп, лауазымды адамдардың заңсыз баюын бақылауға және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді, – дейді өкіл.
Жиынға қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір таластырды. Қазір қоғамда белең алған теріс діни ағымдардың әсері, мектептердегі хиджаб кию мәселесі де қызу талқыға түсті.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика