• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШЫМКЕНТТЕ «ҮЙДЕ СӨЙЛЕ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Автор:admin

Авг 24, 2023
Spread the love

Шымкент қалалық «Ассамблея жастары» ұйымының өкілдері “Күншығыс” мөлтек ауданы маңында «Үйде сөйле» жобасы аясында тұрғындар арасында блиц-сұхбат жүргізді.
Аула клубтарының әлеуетімен қазақ тілін практикалық тұрғыда үйретуді көздейтін жобаға жауаптылар этнос өкілдеріне мемлекеттік тілде сұрақтар қойып, олардың қазақ тілін меңгеру деңгейін зерделеді.
Қалалық «Ассамблея жастары» ұйымы өкілдігінің жетекшісі Нұрболат Мейірбековтің айтуынша, жоба аясында жұртшылықтың мемлекеттік тілді меңгеруге деген құлшынысы пайымдалып, аула клубтары базасында тіл үйренуге ынталы азаматтарға тілді оқытып-үйретудің тиімділігі сараланған.
Блиц-сұхбат барысында этнос өкілдерінің қазақ тілін базалық деңгейде меңгергендігіне көз жеткізген белсенділер 2023-2025 жылдары аралығында нәтижелі іске асыру межеленген әрі үш кезеңді қамтитын «Үйде сөйле» жобасы бойынша жоспарлы жұмыстарды Шымкенттің Әл-Фараби, Тұран, Еңбекші аудандары аумағында жүзеге асыратынын атап өтті.
Аула клубтарының әлеуетімен қазақ тілін практикалық тұрғыда үйретуді көздейтін жобаға жауаптылар этнос өкілдеріне мемлекеттік тілде сұрақтар қойып, олардың қазақ тілін меңгеру деңгейін зерделеді.
Қалалық «Ассамблея жастары» ұйымы өкілдігінің жетекшісі Нұрболат Мейірбековтің айтуынша, жоба аясында жұртшылықтың мемлекеттік тілді меңгеруге деген құлшынысы пайымдалып, аула клубтары базасында тіл үйренуге ынталы азаматтарға тілді оқытып-үйретудің тиімділігі сараланған.
Блиц-сұхбат барысында этнос өкілдерінің қазақ тілін базалық деңгейде меңгергендігіне көз жеткізген белсенділер 2023-2025 жылдары аралығында нәтижелі іске асыру межеленген әрі үш кезеңді қамтитын «Үйде сөйле» жобасы бойынша жоспарлы жұмыстарды Шымкенттің Әл-Фараби, Тұран, Еңбекші аудандары аумағында жүзеге асыратынын атап өтті. Шараға «Ассамблея жастары» бірлестігі мұрындық болды. Жоба аясында тұрғындар аулада бас қосып, қазақ тілін меңгеруге мүмкіндік алады. Ал, Ассамблея жастары үйден алыстамай-ақ ана тілімізді қызықты форматта үйренуге жағдай жасайды. Клубта білікті оқытушылар мен жаттықтырушылар ғана емес, қарапайым тұрғындар да тәжірибесімен бөлісе алады. Жобаны жүзеге асыруға пәтер иелері кооперативтері де қолдау көрсетіп отыр. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге арналған мұндай жобалар алғаш Алматыда ашылған болатын. Енді игі бастаманы мегаполистің бірқатар аудандары мен өзге де өңірлерде іске қосу жоспарланып отыр.
Қазақ тілді емін-еркін, оңай тәсілмен үйрену. Және өзіңіз білесіз ғой үйде жүрсеңіз, жақсы жағдай босла сіз кел келген нәрсеге тез бейімделесіз. Әрине, бұл осындай дүниеге бағытталған. Президенттің мақсаты бар, болашақта қазақ тілін ұлтаралық тілге айналдыруға байланысты. Осы бойынша нақты жұмыстар жүріп жатыр қазір. Жобаға өзге этнос өкілдері қатысып, қазақша сөйлеп, басқа біздің азаматтарымызға үлгі болып жатыр. Мына жердің тұрғындары да осыған таң қалып, қуанып жатыр. Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын маңызды құрылымға айналды.
Шараны ұйымдастырушылар қашан да ел­дегі тыныштықты сақтау басты мақ­сатымыз екендігін атап өтті.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика