• Вт. Ноя 26th, 2024
Популярные метки

«ЕЛ БІРЛІГІ — БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ»

Автор:admin

Авг 15, 2023
Spread the love

Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлтаралық келісімге қол жеткізудің жалпыға танылған бірегей институты, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісінің өзегіне айналды. Қазақстан халқы Ассамблеясы – тек этномәдени бірлестіктерді ғана емес, бүкіл халықты бірлікке үндейтін ұйым.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік қоғамдағы азаматтық бейбітшілікті сақтаудың ең оңтайлы әдісі ретінде мемлекет пен оның институттарының белсенді ынтымақтастығы жағдайында мүмкін болады. Қазақстан үшін қоғамдық келісімді сақтау мен ұлттық бірлікті нығайту саласындағы негізгі институт — Қазақстан халқы Ассамблеясы. ҚХА бейбітшілік пен рухани келісім принциптерінің лидері ретінде бүкіл Қазақстан бойынша көптеген этномәдени бірлестіктердің қызметін біріктіреді.
Бүгінде республикада 367 этномәдени бірлестік, оның ішінде 14 республикалық, жалпы алғанда, бүкіл ел бойынша 43 этностың 1025 этномәдени бірлестігі жұмыс істейді екен. Өзбек этномәдени бірлестіктері облыстық және қалалық 14, аудандық 20 жуық ӨЭМҚБ жұмыс атқарады.
Бүгінде Шымкент қалалық ӨЭМҚБ Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық келісіммен ҚР өзбектері этномәдени бірлестіктерінің «Дўстлик» қауымдастығының қолдауымен ғылыми және шығармашылық интеллигенциямен, бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді түрде халықаралық деңгейдегі түрлі іс-шаралар өткізіп келеді. Мақсат халықаралық ынтымақпен бірлікті, достықты сақтау мен нығайту болып табылады, өйткені ол тұрақтылық пен ұлттық бірліктің нығаюының кепілі.
2022 жылы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай «Игі қарым-қатынастарды дамытудағы халық дипломатиясының рөлі» және «ҚР-ның Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарды дамытудағы рөлі» атты халықаралық конференциялар өткізіледі. Орталық Азия мемлекеттеріндегі халықаралық қатынастар» және «Өзбек халқының тілі, мәдениеті, салт-дәстүрлері» күні, «Достық дастарханы» іс-шарасы. Бұл шараларға Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен көптеген қонақтар шақырылды. Бұл жоғары деңгейде өткен іс- шаралар пікріміздің дәлілі болып табылады. Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мақсатында «Жаңа Қазақстанның» жарқын болашағы оқушылар және мұғалімдер, медицина қызметкерлері арасында «Мемлекеттік тілді білу-парызым» тақырыбында байқаулар өткізілуде.
Қазақстанның түрлі ұлт азаматтарының, барлық ұлт өкілдерінің, қаламыздағы халқымыздың жалпы Қазақстанның азаматтарын біріктіретін мемлекеттік тіл, біртұтас мемлекет, туған жер, аман болсын!

 

Шымкент қалалық өзбек этномәдени
бірлестігінің төрағасы Т. Нишанбаев

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика