• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

МЕДИАЦИЯ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

Автор:admin

Авг 4, 2023
Spread the love

Шымкент қаласындағы «Достық» үйінде 5 тамыз – Медиация күніне орай , «Медиация – татулық тірегі» тақырыбында семинар өтті. Бұл туралы R-factor.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жиынға Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі, қаладағы медиация орталықтарының төрағалары, кәсіби медиаторлар, қоғамдық медиаторлар, қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы медиация кеңесі мен ақсақалдар және аналар кеңесінің мүшелері, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысты.
Семинарды Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Әділханов Бексұлтан Ержанұлы ашып, медиаторларды кәсіби мерекесімен құттықтады.
– 2019 жылы Шымкент қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы жанынын медиация кеңесі құрылды. Медиация кеңесі құрамына 6 кәсіби, 6 қоғамдық медиатор енген кеңес негізгі қызметімен қатар, этномедиацияны дамытуға атсалысып келеді.
Қазақстан халқы ассамблеясы медиаторлары этнос өкілдері жинақы қоныстанған аумақтарда өткен кездесулерге қатысып, соңғы үш жылдың ішінде 28 мәселе бойынша дауласқан тараптарды ортақ келісімге келтірді, – деді Әділханов Бексұлтан Ержанұлы.
Семинарда Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н.Абдезов, «Еуразиялық медиация орталығының» жетекшісі, Шымкент қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы медиация кеңесінің төрайымы Л.Ақшегірова, «Республикалық медиаторлар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің жаттықтырушы-медиаторы, Н.Оразкұлова, «Право» қоғамдық қорының қызметкері, кәсіби медиатор Д.Байсерикова сөз сөйлеп, тәжірибелерімен бөлісті.
Жиын соңында Шымкент қалалық Қазақстан халқы ассамблеясы бастамаларына қолдау көрсетіп, медиацияны дамытуда белсенділігімен көзге түскен 15 медиаторға қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алғыс хаттары табысталды.
Айта кетейік, ел аумағында ұйымдастырылған медиация апталығы аясында қалада сауалнама жүргізіліп, әлеуметтік желілерде «Бірлік пен келісім – қоғамның әл-ауқатының кепілі» челленджі қолға алынған. Сонымен қатар, 4 тамыз күні «Достық» үйі ғимаратында медиация орталықтары медиаторларының қатысуымен «Ашық есік» күні өтуде.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика