Қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен рейдке қалалық полиция бөлімі, адами әлеуетті дамыту бөлімі, жастар орталығы қызметкерлері қатысты.
Жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың, нашақорлықтың алдын алу, құқық бұзушылыққа бейім жастарды анықтау мақсатында қаладағы ойын-сауық орталықтарында, кафелерде, саябақтарда, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында жүргізілген рейд кезінде ата-анасының қарауынсыз кәмелетке толмаған жастардың түнгі уақытта беймезгіл жүру фактілері анықталып, қалалық полиция бөліміне жеткізілді.
Қазіргі уақытта жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу өзекті мәселе. Құқық бұзушылық — бұл қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі. Құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру қоғамның құқықтық тәрбиесіне тікелей байланысты. Құқықтық мәдениетті арттыру, халықтың құқықтық санасын дамыту – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық тұрғыдан сауатты мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері. Қоғамдағы қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы күресуі бағытындағы жаңа жүктемелерді толығырақ таныстыру құқық қорғау органдарының міндеті. Осы орайда құқық қорғау органдарының тарапынан түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.
Сонымен қатар іс-шара барысында жастар мен жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің жаңа баптары 127-бап ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларға тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы, 441-бап жекелеген қоғамдық орында темекі шегуге тиым салуды бұзу, 442-бап кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерін еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болуға тыйым салынатындығы жайлы ескертілді.