• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

ШАРДАРА: «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ» ТУРАЛЫ ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Автор:admin

Июн 29, 2023
Spread the love

Ағымдағы жылдың 27 маусым күні аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі қызметкерлері арасында ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы талаптарын орындау жөнінде жиналыс өткізілді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша бөлімнің бас маманы М.Мейрбеков баяндама жасады.
«Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.»- деді бас маман.
Сондай-ақ, ұжым арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы пиғыл қалыптастыру шаралары кеңінен талқыланып, жоспарлар түзілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика