Бүгін Түркістан облысының прокуроры Тлеубердиев Мұрат Әжінұрұлы Шардара ауданында болып аудан ақсақалдары, ардагерлері, қоғамдық ұйымдары және аудан активімен кездесті.
— Өздеріңізге белгілі, Мен жақында ғана облысқа прокурор болып тағайындалдым. Сол үшін бүкіл ауданды аралап ұжыммен танысып, әр аудандағы өзекті мәселелерді талқылып, біргелесіп жұмыс атқару үшін келіп отырмын. Әр жердің өзекті проблемаларын жергілікті халқы өте жақсы біледі. Сондықтан аудан халқымен жолығып, облыс, республика деңгейінде көтеріп шешілуге тиіс мәселелерді заң аясында шешуге ықпал жасауды міндетіміз деп білемін.»- деді М.Әжінұрұлы.
Жиын барысында аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Бауыржан Шомпиев аудандағы өзекті мәселердің оңтайлы шешілу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, жасалған іс-шараларды баяндады.
Сондай-ақ, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков сөз сөйлеп, ауданның жалпы әлеуетіне тоқталды.
Облыс прокуроры аудандағы бірқатар мәселелермен таныса отырып, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.