Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, қазіргі таңда аудан аумағындағы заңсыз жер қойнауын пайдаланушылармен күресу бойынша аудан әкімімен бектіліген жұмысшы топ рейдттік іс-шара ұйымдастыруда.Іс-шараға аудандық полиция бөлімі, Шардара қала әкімдігі және аудандық кәсіпкерлік бөлімі қатысты.Сонымен қатар ауылдық округтерінде құрылған мобильдік топтар заңсыз жер қойнауынан өз бетінше пайдалану фактілерін анықтау және болдырмау жөнінде іс-шаралара жүргізуде. Қала,ауылдық округтерінде құрылған заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу бойынша мобильді топтарға заңсыздықпен күресу бойынша облыс әкімідігімен бекітілген алгоритм ұсынылып, мобильді топтардың жұмысы күнделікті қадағалануда.