Аудандық нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күресуге бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 20 шілде күні кезекті мәжіліс өткізілді.
Жиында күн тәртібіндегі аудан аумағында есірткі құралдарының және психотроптық заттардың заңсыз айналым фактілерінің алдын алу, тарату және тұтыну фактілерін анықтау, көңіл көтеру орындарында тиісті іс шаралар жүргізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы, нашақорлықтың алдын алу, нашақорлықпен ауыратын адамдарды мемлекеттік наркологиялық клиникаларда емдеуге және медициналық-әлеуметтік оңалтудан өтуге мотивация қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндамалар жасалып, шешу жолдары талқыланды.
Сондай-ақ, штаб мүшелері тарапынан тиісті ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарлары бекітілді.