Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті мәжілісі өткізілді.
Мәжіліске аудандық адами әлеуетті дамыту, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің жауапты басшылары мамандары, мектеп директорлары, жауапты педагогикалық қызметкерлері, құқық қорғау орган қызметкерлері қатысты.
Мәжілісте күн тәртібіндегі 2 мәселе қозғалды. Атап айтқанда, Достық ауылдық округі әкімінің кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар,«Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру шараларының қортындысы туралы баяндама жасалып, мәселелер көтерілді. Әр мәселе бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Комиссия мүшелері жоғарыдағы мәселелерді талқылай келе, өздерінің пікірлерін ортаға салып, оларды шешу бойынша комиссия мәжілісі тиісті шешімдер қабылдады.