Ағымдағы жылдың шілде айының 14–15 аралығында Түлкібас ауданында«Жолда қабылдау» акциясы өткізілуде.
Негізгі мақсат — халықпен тығыз байланыс орнатып, тұрғындардың көкейдегі сауалдарына жауап беру. Аудан тұрғындары әкімшілік, жергілікті полиция және көші-қон қызметі мәселелері бойынша полиция бөлімшесіне жүгіне алады. Алғашқы жарты күннің өзінде 35-тен астам азаматқа құқықтық кеңес берілді.