Түлкібас аудандық полиция бөлімі және аудандық ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ мен аудандық Адами әлеуетті дамыту бөлімі біргелікті бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес шілде айының 29-30 күндері түнгі рейд жұмыстары жүргізілді .
Басты мақсат кәмелет жасына толмағандар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, түнгі уақыттарда ата-анасынсыз үй-жайларынан тыс жерлерде-компьютерлік ойынханаларда, мейрамхана және тойханаларда болуларына тыйым салу, бала тәрбиесіне немқұрайдылық танытатын ата-аналарды анықтап,тиісті шаралар қолдану.
Ұйымдастырылған іс-шара барысында жеке кәсіпкерлерге түнгі 22:00-ден кейін кәмелетке толмаған жасөспірімдерді, заңды өкілдерінсіз ғимаратқа кіргізбеу, оларға мүлдем темекі бұйымдарымен спиртті ішімдіктерді сатуға болмайтындығы жайында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.