Сауран аудан аумағында жер қойнауын заңсыз пайдалану деректерін тоқтату мақсатында құрылған жұмысшы топ жер қойнауын заңсыз пайдалануды анықтау, оның алдын алу бойынша Түркістан облыстық Көліктік бақылау инспекцияның жылжымалы көлік бақылау бекеттерінің мамандарымен және тиісті мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен бірлескен шара кезінде заңсыз әрекеттердің алдын алуға кезекті түнгі рейдтік жұмыстарын жүргізді.
Аталған жұмысшы топ өкілдері түнгі рейдік жұмыстарын 2023 жылдың 13-ші шілде күні кешкі сағат: 22:00-ден бастап, 14-ші шілде сағат: 03:00 аралығына дейін Сауран ауданы, Үшқайық ауылдық округі, Теке елді мекенінің (Түркістан-Балтакөл) облыстық маңызы бар жол бойында жүк көлігіне заңсыз ауыр жүк арту деректерін анықтады.
Жүк көлігінің жүргізушілері рейд кезінде анықталған заң бұзушылықтар жүк көліктерінің белгіленген салмақтық және көлемдік тәртіпті сақтамауына қатысты болды. Нәтижесінде жүк тасу көлігі заңды шешім қабылдағанға дейін ақылы айыптұраққа тоғытылып, әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, құқық қорғау орган өкілдері аталған жүк көліктерінің жүргізушілеріне ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабының талабын (жол жабындысын ластау) бұзғаны үшін айыппұл салды. Айта кетейік, «Түркістан-Балтакөл» бағытындағы автожолда ауыр жүк көліктері артық салмақпен жүк тасып жатқаны туралы Үшқайық ауылдық округі, Теке елді мекенінің тұрғындары тарапынан «Facebook» әлеуметтік желісіне жазба қалдырған болатын.
Рейдтік шара барысында Үшқайық ауылдық округі, Теке елді мекеніне кіре берістегі көпірге (мост) орнатылған 8 тн артық жүк көліктері өтуге болмайтындығы туралы белгіден (знак) өткені үшін потрулдік полиция қызметкері тарапынан 1 (бір) «HOWA» жүк көлігіне (жүк көлігіне құм, қиыршық тасы тиелген) 5 АЕК көлемінде (50% жеңілдікпен) хаттама толтырылып, жүргізушінің сақтандыру польюсі болмауына байланысты аудандық айыптұраққа қойылды. Сонымен қатар, Балтакөл бағытынан келген 5 (бес) «HOWA» жүк көлігіне (жүк тиелмеген) ескерту берілді. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп, жалғасын табатын болады.