Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері, дербес бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты. Комиссия отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» Үлгілік базалық бағытын іске асыру туралы ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы З.Хамзаева баяндама жасады.
Келесі мәселе бойынша аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Б.Оспановтың денсаулық сақтау саласында сыбацлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі атқарылған шаралар туралы есебі тыңдалды.
Соңғы мәселе тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі туралы ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А.Амирханов баяндады.
Жиын соңында ауданда жемқорлық деңгейін төмендету бойынша бірқатар ұсыныстар тыңдалып, қоғам індетімен күрес шаралары барлық мемлекеттік орган басшысының қызметінде басым бағыттардың бірі болуы қажет екендігі ескертілді.