Бүгін аудан әкімінің орынбасары Н.Талиповтың төрағалығымен аудандағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимылдың жай-күйі бойынша жиын өтті.
Жиынға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Сарыағаш ауданаралық басқармасының қызметкерлері, прокуратура қызметкері, дербес бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округтер әкімдерінің қатысты.
Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе Сарыағаш ауданында сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы аудан әкімінің орынбасары Н.Талипов баяндама жасады.
Келесі мәселе бойынша Көктерек кентінің әкімі Ү.Туржанова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Көктерек кентінде 7 айда атқарылған шараларды баяндап өтті.
Үшінші мәселе бойынша Ақжар ауылдық округінің әкімі Е.Сапарбаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимылдың үлгілік базалық бағытын іске асыру және тауарларды, жұмыстарды және көрсетілген қызметтерді мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі туралы есебі тыңдалды.
Баяндамашылардың есебін тыңдаған Н.Талипов жемқорлықтың біздің қоғамдағы өршіп тұрған мәселе екенін қатаң еске салып, онымен күресу үшін тиімді жүйелі жұмыстар жүргізуге тапсырма берді.