• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Заң үстемдігі

Автор:admin

Июл 15, 2023
Spread the love

Заң үстемдігін орнату үшін қоғамдық сананы қалыптастыру қажет. Жоғарғы Соттың мұрындық болуымен 2018 жылы қолға алынған «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасы да жаңа реформалардың үздік жиынтығы. Бұл жобаны дайындауға судьялардан бөлек, заңгерлер, адвокаттар, мемлекеттік орган, үкіметтік емес ұйым өкілдері, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің күшіне еніп, жаңа әкімшілік соттардың жұмысқа кіріскеніне де бір жылдан аса уақыт өтті. Осы аралықта ел тұрғындары кодексте айтылған жаңашылдықтардың шын мәнінде қоғам мүддесіне сай, азаматтар игілігі үшін жасалғанына тәжірибе жүзінде нақты көз жеткізді. жалпы сот саласының дамуына шын жаны ауыратын, жүйенің жандануына азаматтық үлесін қосқысы келетіндердің барлығы атсалысты. Сот реформасы жоғарыдан емес, төменнен бастау алды. «Кеңескен істе кемшілік болмайды» демекші, көпшілік пікірі мен ұсынысына сай дайындалған бұл жоба алғашқы жылдары-ақ жоғары нәтиже көрсетті. «Мінсіз судья», «Үлгілі сот», «Әділ процесс», «Сапалы нәтиже», «Smart-сот», «Коммуникациялық стратегия» және «Сотқа дейін, сотта татуласу» деп аталатын жобалардың сот қызметін ширатып, білікті мамандар шоғырын көбейтуге ықпалын тигізгені даусыз. Заңнамаларды уақыт талабына сай жаңартып отыру маңызды. Соңғы он жылда процестік заңдар барынша жаңартылды. Қылмыстық, Қылмыстық процестік кодекстер және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, Азаматтық процестік кодекс қоғам сұранысына сай жасалды. Соның ішінде «Медиация туралы» заң қазақтың қанында бар бітімгершілікті дамытуға серпін берсе, «Алқабилер туралы» заң демократияға жасалған қадам ретінде жоғары бағаланып отыр. Ал былтырғы жылы қолданысқа енгізілген Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс мемлекет пен билік арасын жалғаған, азаматтар мүддесіне басымдық беріп, ел игілігіне қызмет еткен құжаттардың бірегейіне айналды. Еліміздің кез келген азаматы өз құқығын қорғау үшін заңгер болуға міндетті емес. Мұндай қызмет жүктелген адвокат, заң, прокуратура органдары бар. Қазақстан халқына ортақ міндет – құқықтық мемлекетті дамытқымыз келсе біз заңды сыйлауға және оны мүлтіксіз орындауға тиіспіз. Сонда ғана елімізде тәртіп, ынтымақ, өсіп-өркендеу болады. Заңға бағынған, соты беделді мемлекетке инвестиция келеді, бизнес дамиды, тұрғындардың әл-ауқаты жақсарады. Сот реформасын жүргізудегі түпкі мақсат – осы.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика