• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

САЙРАМ: КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Автор:admin

Июл 28, 2023
Spread the love

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде өзекті деген бірнеше мәселе қаралды.
Жиын соңында комиссия төрағасы Мадияр Оразалиев кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қауіпсіздігі, жат әдет- қылықтардын аулақ болуы, қажетті деңгейде білім мен тәрбие алуы, олардың құқықтарының қорғалуы жауапты мекемелердің ұдайы назарында болуы қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар жүктеді.
Құқық бұзушылықтың алдын алу — мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық меншік нысанындағы ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және күшейтуге бағытталған құқықтық, әлеуметтік, экономикалық ұйымдастырушылық іс-шаралар және өзге де шаралар кешені. Қазіргі кезде жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтар көбейіп барады. Жастардың арасындағы құқық бұзушылықты алдын алуда құқық қорғау органдарымен көптеген шаралар ұйымдастырылып жатыр. Ата-ананың жеткілікті дәрежеде көңіл бөлмеуінен үлкендерге арналған көңіл көтеру орындарында кәмелет жасқа толмағандар жиі кездесіп жатады. Осындайда түнгі уақытта ата-аналар баланы қадағалауды естен шығармаса дұрыс болар еді.
Жастарды құқықтық тәрбиелеуде құқықтық сананың маңызы зор. Жасөспірімдердің құқықтық санасы — жоғарғы білім алу барысында қалыптасатын сана. Бұл сананың өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар. Құқықтық сана білім алу сапасының төмен деңгейіне, сауатсыздығына байланысты маргиналдық (шетте қалу) деңгейінде қалып қоюы мүмкін.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика