Отырар ауданының прокуроры Б.Булеулиевтың төрағалығымен пробация қызметінің және полиция бөлімінің есебінде тұрған тұлғалармен жұмыспен қамту және кәсіпкерлікпен айналысу арқылы қылмыстың қайталануын алдын алу бойынша кездесу өткізілді.
Аталған кездесуге «Атамекен» ҰКП-ның аудан бойынша филиалының директоры, аудан әкімінің орынбасары, аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы, аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы және есепте тұрған тұлғалар қатысты.
Кездесуде сотты болған тұлғаларға ақылы қоғамдық жұмыс, мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несие алу, кәсіп ашуға берілетін қайтарымсыз гранттар бойынша ақпараттар беріліп, ұтып алу жолдары түсіндіріліп, олардың сұрақтарына жауап берілді.
Осы жиында сотталған тұлғалармен қайталама қылмыс жасаудың алдын алу бойынша профилактикалық шара қабылдауға шешім қабылданды.
Алыс, шалғай орналасқан ауылдарда тұратын есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты мекенжайда түнгі сағат 22:00-ден таңғы 06:00-ге дейінгі аралықта болуын жергілікті полиция қызметімен бірлесіп тексеруді қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Жалпы кездесудің мақсаты сотты болған тұлғалардың қылмыс жасап қайта қателікке бармауы үшін оларды жұмыспен қамту, әлеуметтік шараларға қатыстыру, қоғамға бейімдеу және қоғамнан оқшаулануына жол бермеу.