• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Жұмыскердің құқығы

Автор:admin

Июн 27, 2023
Spread the love

Қазақстан Ресмпубликасының Президенті жұмыспен қамтудың өңірлік карталарын әзірлеуді тапсырған болатын. «Біздің ойымызша, олар ұлттық жобалар мен аумақтарды дамыту бағдарламалары шеңберінде қарастырылған экономикалық мамандандыруды, келешегі бар салаларды және өңірлердің барлық жобаларын ескеруге тиіс. Біз өңірлік карталардың құрылымы туралы ұсыныстарды Ұлттық экономика министрлігіне жолдадық. Оларды әкімдер мақұлдағаннан кейін Жұмыс орындарын құруды бақылау жөніндегі бірыңғай ақпараттық жүйеде ескеру керек. ҚР ЕХӘҚМ басшысы, сонымен бірге, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің жоспарланған міндеттері мен индикаторларын ортаға салды. Біріншіден, 700 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту жоспарланып отыр, оның ішінде: «Бастау Бизнес» жобасы аясында 30 мың адам оқытылады, оның 6 мыңы жастар; Электрондық еңбек биржасы арқылы 5000 жұмыссыз жұмыс берушілердің сұранысы бойынша сұранысқа ие дағдыларға оқытылады. Жастарды жұмыспен қамту бөлігінде: «Бірінші жұмыс орны» жобасымен 1,5 мың адамды қамту; 10 мың мемлекеттік грант беру жоспарлануда. Еңбекке қабілетті жастағы мүгедектігі бар адамдардың жұмыспен қамтылу үлесі 24%-ға дейін ұлғайтылады. Екіншіден, Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру жалғасады. 27 мыңнан астам жұмыс орнын құру арқылы 331 жоба жоспарланып отыр, оның ішінде 10 мыңнан астамы жобалар аяқталғаннан кейін тұрақты болып қалады. Үшіншіден, «ЕҢБЕК» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы мынадай мақсаттарға бағытталады: — басымдық берілген құралдар арқылы халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуды қолдау; — жұмыс орнында және онлайн оқыту арқылы экономика талаптарына сәйкес жұмыс күшінің біліктілігін дамыту; — өңірлер экономикасындағы зәкірлік кооперацияны және өндірістік тізбектерді дамытуға микрокредит беру арқылы жеке секторда жұмыс орындарын құруды қолдау. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша жоспарланған шараларды іске асыру 4,9%-дан аспайтын деңгейде сақтай отырып, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермейді.  АӘК-ке 122 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған.  Мемлекет басшысының атаулылықты, ашықтықты, әділдікті қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбекке ынталандыруды арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде 2020 жылдан бастап АӘК көрсетудің жаңа тәсілдері енгізілгенін еске салды. Әлеуметтік көмек тоқсан сайын тағайындалады, АӘК-ті еңбекке қабілетті алушыларға және учаскелік комиссиялар институтына қойылатын талаптар күшейтілді, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет ұсынылады. «2020 жылдың қорытындысы бойынша алушылар саны 184 мың отбасынан 936 мың адамды құрады, оның ішінде 600 мың бала (64%), 73,5 мың көпбалалы отбасы. Әлеуметтік топтаманы ұсыну шеңберінде 2020 жылы мектеп жасына дейінгі 218 мыңнан астам бала азық-түлік жиынтығымен (ай сайын) және гигиеналық құралдармен (тоқсан сайын) қамтамасыз етілді. Оқу кезеңінде 217 мың мектеп жасындағы бала тегін тамақпен және жеңілдікті жол жүрумен қамтамасыз етілді, ал оқу жылы басталар алдында мектеп формасы мен керек-жарақтарын алды. Еңбек министрі сондай-ақ АӘК шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің 43 мыңға жуық шарасы іске асырылғанын хабарлады. Еңбекке қабілетті әлеуметтік көмек алушылар тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жіберілді, қайта даярлаудан немесе кәсіпкерлікке оқытудан өтті, сондай-ақ өз ісін ашуға жеңілдікті микрокредиттер мен гранттар алды. Нәтижесінде еңбекке қабілетті АӘК алушылардың 74%-дан астамы немесе 201 мыңға жуығы жұмыс істейді және жұмыспен қамту шараларына тартылған. «АӘК-ті іске асыруға (әлеуметтік топтаманы ұсынуды ескере отырып)  жылы 88,2 млрд теңге жұмсалды.  122,8 млрд теңге, оның ішінде 96,3 млрд теңге республикалық бюджеттен және 26,5 млрд теңге жергілікті бюджеттен қарастырылған», — деді министр. Өткен жылы тек Қарағанды және Ақтөбе облыстары ғана АӘК төлеуге жергілікті бюджеттерден кемінде 15% мөлшерінде бірлесіп қаржыландыруды қамтамасыз еткенін атап өтті. Есеп комитетінің ұсынымы бойынша қоса қаржыландыру үлесі кемінде 20%-ды құрауға тиіс. Осыған байланысты әкімдердің орынбасарларынан АӘК төлемдерін бірлесіп қаржыландыруды қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударуды сұраймыз. Сондай-ақ, биыл Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді орындау үшін «Әлеуметтік әмиянды» пилоттық түрде енгізу жоспарланғанын хабарлады. Әлеуметтік көмек алушылар әлеуметтік маңызы бар тауарларды немесе қызметтерді сатып алып қана қоймай, алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыра алады. «Пандемия кезеңі әлеуметтік өзара іс-қимылдың қалыптасқан моделін өзгерту қажеттігін көрсетті. Өткен жылы Жұмыспен қамту орталықтарының мамандары мен халықтың тікелей байланысын болдырмау үшін біз электрондық үкімет порталы арқылы АӘК алуға өтініш беруді енгіздік. Биылғы жылы осы тетікті бекітіп, өтініштерді беруді eGov-қа толығымен көшіруді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, 1 қазаннан бастап біз барлық өңірлерде Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы әлеуметтік топтама ұсыну бойынша пилотты іске қостық. Ағымдағы жылы АӘК туралы Заңға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мемлекеттік жәрдемақыны қамтамасыз етуге көшу жоспарлануда», — деп түйіндеді Серік Шәпкенов. Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға көмек көрсету үшін арнайы орталықтар ашылады. 2021 жылы Қазақстанның 15 өңірінде мүгедектігі бар адамдарға түрлі көмек көрсету үшін «Ten Qogam» орталықтары ашылады. Министр өз сөзінде Қазақстанда 695 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұратынын атап өтті, оның ішінде 419,8 мыңы еңбекке қабілетті жаста (60%), 180,6 мыңы зейнеткерлік жаста (26%), 94,7 мыңы — 18 жасқа дейінгі бала (14%). 2020 жылы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғауға мемлекеттік бюджеттен 448 млрд теңге бөлінді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 10,4%-ға артық.

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс тіршілік әрекетінің барлық бағыттарын қамтитын Ұлттық жоспар шеңберінде жүргізіледі. Құжат 7 бағыт бойынша 64 іс-шараны қамтиды: мүгедектіктің профилактикасы және оның алдын алу, білімге қолжетімділік, кедергісіз орта, экономикалық жұмыспен қамту, тиімді оңалту, әлеуметтік қызметтер және қоғамдық сананы жаңғырту. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 343,4 мыңнан астам мүгедектігі бар адам немесе мұқтаждардың 81%-ы қажетті техникалық құралдармен (бұдан әрі – ОТҚ) және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етілді. Бұл орындалуы мүгедектігі бар адамдардың қоғамға кірігу дәрежесіне байланысты болатын өте маңызды индикатор. ОТҚ қамтамасыз етуді жақсарту үшін өткен жылы Әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылды (aleumet.egov.kz), ол арқылы азаматтар өз бетінше, мемлекеттік сатып алуларсыз оңалтудың қажетті құралдары мен қызметтерін таңдап, сатып ала алады. Порталда жеке іріктеуді талап етпейтін ОТҚ-ның 55 түрінің 24-ін сатып алу мүмкіндігі іске асырылды. 28,8 мың оңалтудың техникалық құралы берілді. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ОТҚ-ның 55 түрі қолжетімді болды (түрлерін ескергенде — 67). Сондай-ақ Портал арқылы жеке көмекшінің, ымдау тілі маманының қызметтеріне және санаторлық-курорттық емделуге тапсырыс беруге болады. Экономикалық белсенділік үшін мүмкіндіктер жасау мақсатында 2020 жылы мүгедектігі бар адамдарға арналған кәсіптер атласы әзірленді. Бұл анықтамалық мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру кезінде, оның ішінде электрондық еңбек биржасы порталында жұмыс іздеуді жетілдіру үшін пайдаланылатын болады (enbek.kz). Ұсынылатын мамандықтар ҚР Ұлттық кәсіптер сыныптауышына негізделген. 12 мыңнан астам кәсіп зерделенді, нәтижесінде мүгедектіктің 1-тобы үшін 2,5 мыңға жуық кәсіп ұсынылды, 2 және 3-топтар үшін жеке-жеке 7 мыңға жуық кәсіп ұсынылды. Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын қамтамасыз ету мақсатында Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы әзірленетін болады. «Ақмола, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында мүгедектігі бар балаларға арналған жаңа оңалту орталықтарын ашу көзделген. 15 өңірде «Ten Qogam» орталықтары ашылады. Сондай-ақ қолжетімді ортаны қамтамасыз ету бөлігінде жыл сайын 4 мыңнан астам объектіні бейімдеу бойынша міндет қойылғанын хабарлады. Ағымдағы жылы бейімделген, стандарттарға сәйкес келетін объектілердің үлесі 20%-ды құрауға, ал 2025 жылы 100%-ға жетуге тиіс. «2020 жылы Ұлттық жоспар аясында Министрлік мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен әлеуметтік қолдау алуын қамтамасыз етуге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Қазіргі уақытта заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр», — деп түйіндеді министр. Әлемді дүр сілкіндірген пандемия экономиканың барлық салаларына әсер етті. Мемлекет басшысы төтенше жағдай мен карантин кезеңінде халықты әлеуметтік қолдау шараларын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді. «Бүгінде бұл тапсырмалар дер кезінде және толықтай орындалды. Мемлекет тарапынан барлық әлеуметтік міндеттемелер толық көлемде орындалды.883 мың бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы 25%-тен 50%-ға дейін көтерілді. Жұмыспен қамту шараларына 1,4 млн адам тартылды, оның ішінде 730 мың адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Қабылдаған шаралар дағдарыс жағдайында халықтың табысын қолдауға және жұмыссыздықты 5% деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік берді. Жалпы ауқымды міндеттерді атқарды. Атап айтқанда: Біріншіден, табысынан уақытша айырылған азаматтарды қолдау шаралары 3 күннің ішінде әзірленді. Екіншіден, атаулы әлеуметттік көмек көрсетудің жаңа механизмі жасалды. Үшіншіден, аз уақыттың ішінде дағдарысқа қарсы шара Жұмыспен қамту жол картасы қабылданып, іске қосылды. Әлеуметтік қорғау саласына тоқталсақ, біріншіден, Әлеуметтік Кодекс тұжырымдамасын әзірлеу кезінде әлеуметтік саланың барлық басымдықтары тиянақты түрде белгіленуі қажет. 17 заң мен 100-ден аса заңнамалық актілерді біріктіретін Әлеуметтік кодекс, азаматтардың әлеуметтік саладағы құқықтарының бірыңғай стандарты болуы тиіс. Бүгінгі таңда, министрлікке Әлеуметтік кодекс тұжырымдамасына қатысты 520 ұсыныс келіп түсті. Бұл ұсыныстарды жұмыс топтарында жан-жақты талқылау қажет. Құжатта халықтың мемлекет жүргізіп отырған әлеуметтік саясатқа қолдауын арттыруға бағытталған нақты шаралар көзделуі керек, оның ішінде зейнетақы жүйесі, мүгедектігі бар адамдарды, ана мен баланы қорғау, аз қамтылған топтарды қолдау толықтай қамтылуы қажет. Екіншіден, биыл Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру жөніндегі Ұлттық жоспар қабылдану керек. Ұлттық жоспар аясында өтінім беруден проактивті форматқа толық көшу, әлеуметтік қызметтерді жан басына қаржыландыру жүйесін енгізу сияқты бірқатар жаңа бастамаларды қарастыру қажет. Бұл шараларды іске асыру әлеуметтік қызмет көрсету сапасын көтеріп, осы саладағы мемлекеттік емес сектордың үлесін қазіргі күнгі көрсеткіш 19%-дан 70%-ға дейін жеткізуі тиіс. Үшіншіден, былтыр мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуді жетілдіруге бағытталған Әлеуметтік қызмет порталы іске қосылды. Оның аясында ұсынылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің барлығы — 55 тауар түрі мен 3 қызмет қамтыған қамтылған. Алғаш рет мүгедектігі бар адамдарға тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің түрлерін өздері таңдап алуына мүмкіндік жасалды. Қазірдің өзінде портал арқылы 28 мың техникалық оңалту құралдары берілді. «Соған қарамастан портал жұмысына қатысты ескертулер бар. Шалғай ауылдарда тұратын азаматтар интернеттің жоқтығынан тиісті тапсырыстарды Жұмыспен қамту орталықтары арқылы рәсімдеп отыр. Әкімдіктерге мүгедектігі бар адамдарды интернет желісімен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырамын. Сонымен қатар кейбір қызмет түрлері портал арқылы рәсімдеуде бірқатар мәселелер бар, мәселен протез дайындау, есту аппараттары тағы басқа. Министрлікке тез арада Порталдың жұмысына талдау жасап, оны қолданушылар үшін барынша қолайлы ету шараларын қабылдауды тапсырамын», — деді Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов. Мүгедектігі бар адамдар — рухы мықты, өмірдің қиындықтарына төтеп бере алатын, қоғамның белсенді мүшелері. Олардың арасында қоршаған ортасына қамқорлық жасайтындар аз емес. Мәселен, 1-топтағы мүгедектігі бар, Қалтаева Ляззат Молдабекқызы, өзімен тағдырлас әйелдерге қолдау жасап жүр. Ол басқаратын «Шырақ» ассоциациясында» 19 мүгедектігі бар адамдар жұмыспен қамтылған. Түркістан қаласының тұрғыны, 1-топтағы мүгедектігі бар, Баялышбаев Елдос Қайыркенұлы арнайы тренажерларда емдік дене шынықтыру арқылы оңалту жобасын жүзеге асырып, 14 адамды жұмыспен қамтып отыр. «Бұл жоба аясында былтырдың өзінде 100-ден аса мүгедектігі бар адамдар сауықтырудан өткен. Қоғамға үлгі болатын осындай азаматтардың еңбегін ерекше бағалап, алғысымызды білдіреміз. Төртіншіден, бүгінде республика бойынша 25 мыңнан аса объекті мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді ортаға бейімделген. Бұл барлық әлеуметтік және транспорттық объектілердің 73%-ы. Былтыр жүргізілген 970 тексеру нәтижесі бойынша 3 мыңнан аса объектінің тиісті талаптарға сай келмейтіні анықталған. Оның ішінде Қостанай облысында – 576, Солтүстік Қазақстан облысында 380, Шығыс Қазақстан облысында 268 объектіде талаптардың бұзылу фактілері тіркелген. Нәтижесінде 2025 жылы барлық объектілер 100% қолжетімді ортаға айналуы тиіс. «Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасында жыл сайын мүгедек балаларға арналған 3 оңалту орталығын құру және 2025 жылға дейін осындай 15 жаңа орталық салу міндеттелген. Бұл шара балаларды оңалту қызметімен қамтуды 2 есеге арттыруға бағытталған. Бұл кезек күттірмейтін мәселе. 15 орталықты 2025 жылды күтпей, қысқа мерзімде құруға толық мүмкіндіктер бар. Министрлікке әкімдіктермен бірге Жұмыспен қамту жол картасы және мемлекеттік жеке әріптестік аясында оңалту орталықтарын құру жұмыстарын жеделдету мәселесін пысықтауды және нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын. Вице-премьердің айтуынша, мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру маңызды. Осы мақсатта биылдан бастап «цифрлық жұмыспен қамту орталықтары» іске қосыла бастайды. Оның аясында қызмет көрсетудің барлық бизнес-процестерін автоматтандыра отырып, онлайн форматқа көшіру керек.

 

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика