• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Отбасыны әлеуметтік қорғау!

Автор:admin

Сен 19, 2022
Spread the love

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп ұлттық жаңғырудың негізгі алғышарттарын айқындап берді. Демек көне дәуірлерден бастау алатын, өзінің тарихи тәжірибесінен, игі салт, ізгі дәстүрлерінен мүлдем қол үзген қоғамда жаңғыру немесе жаңару мүмкін емес. Халқымыздың осындай тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі отбасы құндылықтары. Тіпті біздің рухани құндылықтарымыздың негізі де осы отбасылық дәстүрімізде жатыр десек қателеспеген болар едік. Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағ謬дат қай дәуірде болсын өзгер¬ген емес, өзгермек те емес «От¬басы – Қазақстан қоғамы¬ның дің¬гегі, экономикадағы, мәдениет¬тегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп бұл мәсе¬ленің біздің қоғам үшін маңы¬зын көрсетіп берді. Тәуелсіздік жылдарында отбасы құндылықтарын нығайту бағы¬тында қыруар шаруа атқа¬рыл¬ды. бәсекеге қабілетті ұлт, бақытты отбасы, саналы да білім¬ді ұрпақ қалыптастыруға бағыт¬талған сындарлы саясатының нәти¬ж¬есінде ана мен баланы қолдау бойын¬ша бағдарламалық құжаттар, гендер¬лік теңдікті сақтау стратегиясы қабылданып, мемлекеттік деңгейдегі отбасылық саясатта тұтастай жүйе қалыптасты. Басқасын айтпағанда көп балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау бағытындағы мемлекеттік жәрдемақы түрлерінің әр жыл са¬йын артып, көптараптанып келе жатқанын аңғару қиын емес. Әр жылы өтетін «Мерейлі отбасы» бай¬қауын¬да еліміздегі ең үлгілі отбасы¬лар¬дың өмірі насихатталып, түрлі айтулы марапатқа ие болуы да елі¬мізде дәс¬түрге айналған. Әрине отба¬сы¬¬лық саясаттан бөлек отбасы¬лық құн¬дылықтар деген бар. Ол хал¬қы-мыздың тарихымен бірге қай¬нап, пісіп шыққан отбасылық дәстүр¬лер, отбасы мәдениеті мен этикасы. Отбасының қалыптасуына, қоғам¬ның қалыптасуы тікелей байланыс¬ты. «Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», деген даналық сөз ұлттық тәрбиенің отбасылық өмірде атқарар рөлін айқындап тұрғандай. Қазақтың тарихында киелі отба¬сының қасиетті ұрпақтары туралы, олардың ел өміріндегі алатын орны, сіңірген еңбегі, қалдырған рухани байлығы, үлгі боларлық тірліктері, өнегелі өмірлері туралы мысалдар көп. Уақытында бізге бай, феодал ретінде оқытылған Құнан¬байдың өзі тегін адам болмаған¬дығын еліміз егемендікке жеткенде ғана білдік. Кішкене артық сөйлеп кетіп «Мен сізден оздым әке, мені бүкіл қазақ таниды» деген Абайға, «Е, Абай, сен менен оздым деуің үшін әуелі мен құсап өзің сияқты ұл тудырып ал» деген сөзі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын өнегелі сөз емес пе?
R-ақпарат

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика