• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

“Борышкер” жедел профилактикалық іс-шарасы өтті.

Автор:admin

Авг 23, 2023
Spread the love

Жетісай ауданы аумағында 2023 жылдың тамыз айының 21-25 күндері аралығында “Борышкер” жедел профилактикалық іс-шарасын өткізіледі, деп хабарлайды R-factor.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811 бабы 1-2 бөліктеріне сәйкес, анықталған құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 7 (жеті) тәулік ішінде төленсе, өзіне салынған айыппұл мөлшерінің елу пайызы мөлшеріндегі айыппұлды төлейтіндігі көзделген.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 894-бабының 1-тармағына сәйкес, жауаптылыққа тартылған тұлғаның жалақысынан немесе өзгеде кірістерінен айыппұл соммасын мәжбүрлеу тәртібімен ұстап қалу үшін ол жұмыс істейтін не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкімшілігіне салынған айыппұлдардың өз еркімен уақытылы төлеуден жалтарып жүрген тұлғаларға қатысты тиісті қаулылар жолданатындығын ескертеміз.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 894-бабының 3-тармағына сәйкес егер айыппұл салынған тұлға жұмыссыз болса немесе басқада себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзгеде табыстарынан өндіріп алу мүмкін болмаса салынған айыппұлдың өз еркімен төлеу уақыттарының өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес мәжбүрлеп өндіру үшін сот орындаушысына жіберіледі.
Егер айыппұл ерікті түрде өндірілмеген жағдайда мәжбүрлеп орындау үшін сот орындаушыларға жолданатындығын сонымен қатар іс-шара барысында мемлекетке айыппұл, берешегі және салық төлемдері қалыптасқан көлік жүргізушілері міндетті түрде тексеріліп, көлік құралдары айып тұрағына қойылатынын хабарлаймыз.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика