• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Сот және адам құқықтары

Автор:admin

Июл 31, 2023
Spread the love

Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет. Әрбір демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекеттердегі секілді Қазақстанның да ең басты байлығы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Әр адам,, саяси немесе басқа да наным-сенімдеріне, тіліне, дініне, ұлттық, немесе әлеуметтік тегіне, нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, әлеуметтік топтарына немесе басқа да белгілеріне қарамастан тең құқылы. Және де әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға, қалпына келтіру үшін сотқа жүгінуге құқығы бар.
Әрбір адамның және азаматтың құқықтарының заң алдында тең болуы Қазақстар Республикасы Конституциясымен кепілдендірілген.
Айтарымыз адам құқығы жайлы болғандақтан, алдымен «адам құқықтары дегеніміз не?» деген сауалға жауап берейік.
Адам құқықтары дегеніміз – адамның өз ойын, мақсатын, мүддесін заң аясында жүзеге асыру мүмкіндігі. Жалпы адам құқықтары табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи құқықтар дегеніміз — адам тіршілігінен туындайтын құқықтар. Яғни, адамның еркін өмір сүруі, оның бостандығына қол сұғылмауы т.б. Ал әлеуметтік құқылар дегеніміз — адамның мемлекетпен өзара әрекеті процесінде пайда болатын құқықтар. Яғни білім алу, еңбек ету, азаматтық алу, сот әділдігіне жүгіну, еркін жүріп-тұру т.б.
Адам құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясында, Азаматтық Кодексте, Қылмыстық Кодексте, жарлықтар мен арнаулы заңдарда қарастырылған.
Адамның құқығы бұзылғанын немесе бұзылмағанын заң жүзінде анықтап, үкім шығаратын құзіретті орган — сот. Сондықтан да қоғамдық қарым-қатынастардағы құқықтық нормаларды қамтамасыз ету бойынша сот билігін жүзеге асырушы болып табылатын сот жүйесінің рөлі аса зор.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 12-бабында «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар» делінсе, Адам құқыларының жалпыға бірдей Декларациясының 8-бабында, «әрбір азаматтың тәуелсіз және әділ сот арқылы істің әділ және ашық қаралуын талап етуге құқығы бар» делінген. Яғни әрбір адам өз құқықтары мен бостандығын сот арқылы қорғай алады.
Сот адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың басты құралы. Жеке тұлға өзінің құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау мақсатында мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың және жекелеген азаматтардың кез келген заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне қатысты сотқа шағымдануға құқылы.
Осыған орай, сот жүйесіне реформа жасау қолға алынды. Ондағы мақсат — сот процесін оңтайландыру, артық бюрократиялық рәсімдерден арылту, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу арқылы соттардың жұмысын жеңілдету және азаматтарға қолайлы жағдай жасау.
Сот жүйесін реформалау барысында соттардың жұмысын жеңілдету мақсатында «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңы қабылданды. Аталмыш заңға сәйкес тараптар сотқа бармай-ақ жазбаша келісім арқылы жанжалды реттеуге қол жеткізе алады. Қазіргі уақытта «Медиация» өз жемісін беріп отыр.
Бүгінгі таңда соттар аудио-бейнетіркеу жүйелерімен жабдықталған. Бұл сот отырыстарын қашықтықта жүргізуге мүмкіндік береді. Адам, басқа жерде отырып, бейнеконференц-байланысы арқылы сот процесіне қатыса алады. Бұл сот үшін де, адам үшін де тиімді екені сөзсіз.
Жеке тұлғаның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғалуын қамтамасыз ету, сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту және нығайту мақсатында Республика Президентінің «Қазақстан Республикасының тәуелсіз сот жүйесін күшейту шаралары туралы» жарлығы шығарылды, оған сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанынан сот әкімшілігі жөніндегі Комитет құрылып, сот органдарының атқарушы биліктен тәуелділігінен арылуға мүмкіндік туды.
Демократиялық қайта құру және даму кезеңінде адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының сақталуына аса көңіл бөлу өте маңызды.
Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырылу бойынша елімізде көптеген ғылыми ізденістер жүргізілуде. Аталмыш ғылыми ізденістер адамның тіршілік аясының барлық тармағын — саяси-экономикалық, әлеуметтік, жеке құқықтарын толық қамтиды деп айтуға болады.
Судьялар жасағын қалыптастырудың тәртібін түбегейлі түрде қайта қарау қажет. Аппеляциялық инстанциялардың істерді қарауға төменгі соттарға қайтару жөнінде негізсіз шешімдерінің мүмкіндігін заң жүзінде шектеу керек. Жоғарғы Соттан бастап, бүкіл сот жүйесіне өздерінің жауапкершілігі мен біліктілігін арттыру, сөйтіп, өз жұмысын жетілдіруді өздері бастау талабы қойылады. Судьялардың заңды бұзуы жұрттың бәріне жария етілетіндей төтенше оқиға болуға тиіс. Арбитраждық және аралық соттар жүйесін нығайту керек», – деген болатын. Яғни, сот әділ, ашық болуы тиіс.
Қорыта келе айтарымыз, әрбір адам өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өзінің бұзылған немесе талас тудыратын құқықтарын қорғауды өтініп, сотқа жүгіне алады.
Ескеретін жағдай – өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін тәсілдермен жүзеге асырылуы тиіс.

Қалдар Кумекбаев

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика