• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

«Біздің таңдауымыз- жемқорлықсыз болашақ»

Автор:admin

Авг 17, 2023
Spread the love

Түркістан қалалық сотының хабарламасы бойынша:
«Біздің таңдауымыз- жемқорлықсыз болашақ»
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес аталған заңның мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.
Заманмен бірге өсіп — өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі — ол сыбайлас жемқорлық болып табылады. Сыбайлас жемқорлық дегеніміз — қызметтік лауазымды пайдалана отырып, оны жеке мүддеге пайдалану. Жемқорлық, әсіресе мемлекеттік органдарда қауіпті. Мемлекеттік басқару жүйесін бұзады және экономиканың дамуына шектеу қояды. Басқа дамушы елдер сияқты біздің мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.
Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін ең қауіпті түрі ол парақорлық болып табылады. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп — тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Демек пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналады деген қоғамдық сана қалыптастыруымыз қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болады, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді. Заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды. Елімізде парақорлықтың алдын — алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Кез — келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Қазақстан Республикасының 2015 — 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс делінген.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу — жеке және мемлекеттік мүдделерді реттей отырып, қоғам болып жүзеге асыратын өте жауапты да маңызды шара. «Ғасыр дертіне» айналып бара жатқан проблеманы дер кезінде ауыздықтау — қоғам өмірінің өсуінің, дамуының бірден — бір кепілі.
Сол себептен мақаламды аяқтай келе, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — бүгінгі күн талабы және Қазақстанның әрбір азаматының міндеті екендігін айтқым келеді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика