• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

Азаматтық істер бойынша ата-ана құқықтарын қалпына келтіру тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Автор:admin

Авг 17, 2023
Spread the love

Бүгін, Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы R-factor.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дөңгелек үстелге Түркістан облысы және Түркістан қаласы прокуратурасының прокурорлары, Түркістан қаласы, Кентау және Сауран ауданының Ювеналды полиция тобының қызметкерлері мен Түркістан қаласының адами әлеуетті дамыту бөлім қызметкерлері қатысты.
Төрағалық етуші Б.Сауран жиын барысында Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне сәйкес ата-аналар мінез құлқын, тұрмыс салтын және бала тәрбиесіне көзқарасын өзгерткен болса сот олардың ата-ана құқықтарын қалпына келтіруі мүмкіндігін айтып өтті.
Жиын соңында 10 жасқа толған балаға қатысты ата-ана құқықтары оның келісімімен ғана қалпына келтіретінін айтып түсіндірді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасып, түскен сұрақтарға жауаптар берілді.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика