• Пн. Ноя 25th, 2024
Популярные метки

“Жария сектор” – сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімнің қолжетімді ішкі жүйесі

Автор:admin

Авг 2, 2023
Spread the love

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің маңызды басымдықтарының бірі ақпараттық жүйелерді үнемі жаңғырту және жетілдіру, Мемлекет басшысының, Бас прокурордың тапсырмаларын іске асыру жөніндегі бағдарламалық құжаттарды уақтылы және сапалы орындау болып табылады.
Қылмыстық сот ісін жүргізуді цифрландыру Қазақстанның қылмыстық саясатының маңызды бағытын білдіреді, сенімді құқықтық ақпаратты, мүдделі тұлғалардың кедергісіз және ыңғайлы қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы қылмыстық процестің негізгі қағидаттарын – заңдылықты, жариялылықты, жылдамдық пен толықтықты сақтауға кепілдік береді.
Сотқа дейінгі іс жүргізуді тергеудің электрондық форматына өтуіне байланысты, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің qamqor.gov.kz сайтында Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінің “Жария сектор” кіші жүйесі әзірленді, ол қылмыстық процеске қатысушыларға электрондық сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органдармен қашықтан өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.
Бұл кіші жүйе қылмыстық процеске қатысушыға (күдікті, қорғауға құқығы бар куә, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкілдері мен өкілдері) qamqor.gov.kz сайтында ақпараттық қауіпсіздік және құпиялылық талаптарын сақтай отырып, интернет арқылы қолда бар және басқа СДТБТ-дағы қабылданған іс жүргізу шешімдері мәліметтеріне қашықтан қол жеткізуге, өзіне қатысты сотқа дейінгі іс жүргізу материалдары туралы немесе ол қорғайтын тұлға туралы, ҚР ҚПК 13-тарауында көзделген шағымдар мен өтініштерді беру және оларға электрондық форматта жауап алуға мүмкіндік береді.
“Жария секторға” қолжетімділік шектелген, яғни сотқа дейінгі іс жүргізу жөніндегі ақпаратты қарау қылмыстық процеске қатысушыларға тиісті процестік мәртебені алған сәттен бастап, оны сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлға растағаннан кейін ғана ҚР ҚПК белгілеген көлемде қолжетімді болады.
Бұл кіші жүйенің артықшылығы келесідей:
– қылмыстық процеске қатысушыларға барынша ақпарат беру;
– процеске қатысушылардың іс жүргізу құжаттарын беру және алу мерзімдерін барынша азайту;
– сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде құжат айналымына шығындарды қысқарту;
– қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлерімен тікелей байланыссыз, қылмыстық құқық бұзушылық туралы өтінішті және өтінішхатты электрондық нысанда беру;
– бұрын берілген өтініштің немесе өтінішхаттың мәртебесін қарау нәтижелері туралы ақпарат алу;
– қылмыстық қудалау органдарының тергеушісі немесе анықтаушысы іс жүргізу материалдарымен танысуға тиісті құқықтарды бергеннен кейін танысуға.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика