• Вс. Ноя 24th, 2024
Популярные метки

Апостильдеу тәртібі

Автор:admin

Авг 1, 2023
Spread the love

Соттар жыл сайын әртүрлі даулар мен мәселелерге байланысты түрлі шешім қабылдайды. Олардың кейбіреулері біздің елден тыс, яғни шет жерлерде де талап етілуі мүмкін. Қандай да сот актісі ресми құжат мәртебесіне ие болу үшін, яғни ол шет мемлекеттерге жолданар алдында міндетті түрде заңдастырылады, апостиль қойылады.
Апостиль – заңдастырудың осындай нысанын танитын елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы ақпаратты толтырудың халықаралық стандартталған нысаны. «Апостиль» мөрі құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелеріне қойылады.
Апостильденген құжат аттестациялауды немесе заңдастыруды талап етпейді және оны Конвенцияға қатысушы барлық мемлекеттің ресми органдары мойындайды. Апостильденген құжат шет мемлекеттерге жолданатын құжаттар және жолдаушы мемлекеттің имиджінің көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Сондай-ақ, сот шешімдерін орындау әрі сот тапсырмаларын басқа елге жолдау кезінде, сол елмен Қазақстан арасында ешқандай келісім болмаса, ол ел Гаага конвенциясының қатысушысы болмаған жағдайда соттың құжаттарына апостиль қойылуы қажет.
Әлемнің көптеген елдері, соның ішінде Қазақстан 1961 жылғы 5 қазанда Гаага конвенциясына қосылып, құжаттарды апостиль қою арқылы жеңілдетілген түрде заңдастыру мүмкіндігіне ие болды.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы сот қызметін қамтамасыз ету департаменті сот органдарынан шығарылатын ресми құжаттарға апостиль қою өкілеттігіне ие мемлекеттік орган болып табылады.
Апостиль — құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкiлеттiктерiн, сондай-ақ осы құжат бекiтiлген мөрдiң немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын растайтын арнайы мөртаңба.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы қағаз тасығышта не «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz арқылы электронды түрде, не Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) кеңсесі арқылы осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша апостиль береді.
Қызмет көрсету тәртібі, оның ішінде қызмет көрсету мерзімдері, нысаны және нәтижелері көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі, қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізімдемесі Стандартпен реттеледі. Мемлекеттік қызмет стандартымен және апостиль қою үшін мемлекеттік бажды төлеу деректемелерімен Жоғарғы Соттың интернет-рессурсындағы «мемлекеттік қызмет» бөлімінен танысуға болады.
Яғни, еліміздің барлық өңірлерінде сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою үшін сол өңірдің соттар әкімшісіне тікелей барып, немесе халыққа қызмет көрсету орталықтарының филиалдарына жүгінуге болады.

Автор: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика