Қазіргі техниканың дамыған заманында адамдардың көбі өз құқығын білу үшін заңдарды қарап, сауаттылықтарын арттырып жүр. Бүгінде құқық саласы әрбірімізге керек болып тұр. Құқықтық сауаттылық әр адамға керек. Әсіресе, қазіргі заманда. Себебі қазір барлық жерде заң үстемдік етеді. Заң жүрген жерде әр адамның құқығы қоса жүреді. Барлық адам тең құқылы екендігін Түркістан қаласының сақшылары әрдайым түсіндіріуде, және тұрғындарды құқықытық сауаттылықты арттыруға, құқықтық мәдениетті арттыруға шақырады. Бұд мақсатта қала мектептері мен жоғарғы оқу орындарында кездесулер болып жатыр.
Ешкімнің ешкімге зәбір көрсетуге, әлімжеттік жасауға құқы жоқ. Бұл әр адам білуі керек болған құқықтық сауаттылықтың әлқисасы. Құқықтық сауаттылық – ол мемлекеттің құқықтық негіздерімен, нормаларымен таныс болу. Яғни өз құқығын білген адам ғана кез келген ситуациядан оңайлықпен шыға алады. Мысалы отбасындағы құқық бұзушылық, мектеп, ЖОО-дағы құқық бұзушылық. Осылардың барлығын алдын алу үшін өз құқығымызды білуіміз қажет. Сол себепті құқықтық сауатты болу қазіргі қоғам үшін өте маңызды. ұқықтық сауаттылық. Адамның жеке басының бостандығына, өмір сүру деңгейіне құқықтық сауаттылықты меңгерудің маңызы зор. Өйткені қай елде, қай жерде жүрсек те, әр адам өзінің құқығын қорғай алуы керек. Сонымен қатар өз құқығын басқаға таптатпау қажет. Құқық бойынша қазіргі таңда бірнеше заңдар мен талаптар бар. Осыны оқыған әрбір азамат жеке басының құқығын қорғай алады.
Құқықтық сауаттылықты арттыру барысында Түркістан қаласының прокуратурасы Түркістан қаласының тұрғындарымен, жастармен, мектеп оқушыларымен кездесулер ұйымдатыруда. Сонымен қатар, Түркістан қаласының прокуратурасы қару қолданып бұзақылық жасады деген айыппен қала тұрғыны 1998ж.т. С.Тастанқұлға қатысты қылмыстық істі сотқа жіберген болатын.Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ол 05.06.2022ж. күндізгі уақытта қала аумағында «Мерседес Бенс 140» маркалы автокөлігімен жүріп келе жатып, бұзақылық ниетпен тергеу барысында анықталмаған травматикалық қарудан ішінде адамдар болған «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігіне бағыттап бірнеше рет атып, осы автокөліктің терезесін сындырып, оқиға орнынан бой тасалағаны анықталды.Тергеу нәтижесімен қалалық полиция басқармасы күдіктінің жоғарыда көрсетілген қылмысты жасағанын дәлелдейтін айғақтар жинақтап, прокурордың келісуімен С.Тастанқұлдың іс-әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен (қару қолданып бұзақылық жасау) және 287-бабының 2-бөлігімен (жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар ұңғысыз атыс қаруын заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау және алып жүру) саралаған.Аталған қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.